Рүстем Қайдаров: депутаттың әлеуметтік жағдайы жақсы, сондықтан елді ойламайды

335
Әділет генерал-майоры, "Парасат" орденінің иегері, "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі Рүстем Есімханұлы Қайдаров Sputnik Қазақстанның "Әңгімең жарасса" жобасына сұхбат берді

Рүстем Қайдаров әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына тоқталды.

"Парламент депутаттарына қағаз жүзінде мәселелерімізді айттық. Бірақ олар істі министрлік күн тәртібіне қойып шешуі керек деді.  Депутаттар өздерінің жағдайы жақсы болғандықтан елді ойламайды деп санаймын", - деді ол.

Бір жылдары ресейлік белсенділердің бірі Қазақстанда құрылған 28 панфиловшылардың ерлігін жоққа шығарған еді. Рүстем Қайдаров осы мәселеге қатысты пікір білдірді.   

"Жуырда ғана біз Волоколамскіде болдық. Сонда жергілікті халық Панфилов дивизиясы десең елең ете қалып, қазақтар деп құрмет көрсетеді. Ондай құрмет тіпті Қазақстанда көрсетілмейтін шығар. Бір дивизия 12 шақырым жерді қорғаса, панфиловшыларға 42 шақырым жерді қорғау тапсырылған еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста оларға жаудың үш танк дивизиясы қарсы тұрды.  Құрлық әскері танктерге қалай қарсы тұрды деп Гитлер бұған сенбей, өзінің 30 генералын орнынан алған. 1941 жылы Панфилов дивизиясы Алматы маңында құрылды ғой. Олар Талғар қаласына бара жатқан жолда жаттығуларын жасаған. Ол жер әлі бар. Панфиловшылардың орта жасы 30 еді.

Панфилов сол сарбаздарға "танк дегеніміз трактор, бірақ ататын құралы бар" деп оған қарсы іс–әрекеттер ұйымдастыруды үйреткен. Мәскеу түбіндегі соғыста олар сол тактиканы пайдаланған. "Единная Россия" деген партияның жас балалары және Новосібірден барған келіншек осы әңгімені айтып жүр. Мен олармен кездесіп, бұл не сұмдық деп ойымды айттым. Олар түгілі, бізде 28 панфиловшыларға арналған ескерткішті алып тастап, орнына батыр бабаларымыздың ескерткішін орнатайық деушілер бар. Бұлай тарихқа қалай болса, солай қарауға болмайды", - деді генерал-майор.

Бұдан өзге, Рүстем Қайдаров ҰОС ардагерлерінің шешімін таппаған мәселелесін де айтты. Ол - ардагерлерді жерлейтін арнайы жердің берілмеуі.

"Бүгінде Алматыда 369 ҰОС ардагері қалыпты. Ал, еліміз бойынша 3000 –ға таяу ғана. Олардың ең жасы – 90 жаста. Біз жыл сайын Мәскеуге Қызыл алаңдағы парадқа ардагерлерді апарамыз. Биыл олардың саны тым аз. Өйткені, көбі жүріп-тұра алмайды. Қазір ардагерлер қайтыс болса, жер іздеп әлек болады. Сондықтан, оларға жерлеуге арнайы жер бөліп беру керек.

Сонымен қатар, әр облыс орталығында ҰОС ардагерлерінің есімі жазылған Даңқ аллеясы бар. Бірақ, Алматыда ол жоқ. Оны жасау туралы ұсыныс айттық. Біздің қоғамдық бірлестікке ешкім бір тиын төлеп жатқан жоқ. Батырлардың ескерткішін салдыруға, Ресейге апаруға бір-екі демеушіміз көмек береді. Ал, ұлттық компаниялар мен банктерден ақша сұрасаң жоқ дейді. Миллиардап ақша желінеді, бірақ осындай істерге келгенде ақша жоқ", - деп қынжылды ардагер.

Тағы оқыңыз: Қабдеш Жұмаділов неге таяқ жегені және кімдерді жек көретіні жайлы

Сондай-ақ, генерал-майор болашақта жеңіс күні тойланбай қала ма деп қорқатынын айтып қалды.

"Менің әкем 1946 жылы соғыстан келді. Жарымның әкесі де соғысқа қатысқан. Олар бізді еш нәрсеге қарамастан өсіріп жеткізді. Біз оларды неге ұмытуымыз керек? Немерелерім шеруге аталарының портретін алып шығады. Сондықтан, мұндайды ұмытпауымыз қажет", - деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.

Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды!

335
Тақырып бойынша
"28 панфиловшылар" режиссері "Тарихи шындыққа адалдық үшін" сыйлығын алды
"28 панфиловшылар": "халықтық кино" қалай түсірілді
Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 11 ескерткішті қорлады
21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен Жеңіс туы қайда – видео
Загрузка...