Нұр-Сұлтандағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы видеотрансляция  

81
(Жаңартылды 12:13 29.05.2019)
Қазақстанның астанасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді

ЖЕЭК отырысы кеңейтілген құрамда өтеді. Оған Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Беларусь және Тәжікстан басшылары қатысады.

Отырыс Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграция туралы идеяға 25 жыл және ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орайластырылған.

Тағы оқыңыз: Еуразиялық экономикалық одақ: елдер, аумағы, халқы 

Іс-шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатыспақ.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты 

ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.

81
Кілт сөздер:
видео, Еуразиялық экономикалық одақ
Загрузка...