Ауыз бекітпеген жөн: Ораза айт мейрамында не істеу керек?

42893
(Жаңартылды 10:52 04.06.2019)
Биыл Ораза айт мерекесі 5 маусымға тура келіп тұр

Ораза айт – Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні. Мұсылмандардың маңызды діни мейрамы саналады. Бұл күні мұсылман жамағаты мешітте жиналып, айт намазын оқиды.

Рамазан айының соңғы он күнінде не істеу керек?

"Бұл күні мұсылмандар аузын ашып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Егер ренжіскендер болса, мейрам күні татуласқаны абзал. Рамазан айы адам баласын мейірімділікке, сабырлыққа, барға қанағат етуге шақырады. Ал айт мерекесінде барша мұсылман бір-біріне бауырмал болуы керек", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ ол:

  • Ораза Айт мейрамын қалай қарсы алған жөн?
  • Бұл күні сәресіне тұрып, ауыз бекіту қажет пе?
  • Осы мереке күні әйелдерге не істеуге болмайды?
  • Дастарқанға қандай тағам қою керек?
  • Шәууәл айындағы алты күндік оразаны қалай ұстауға болады? деген сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыздар.

42893
Кілт сөздер:
ҚМДБ, видео, ораза айт, Ораза, Рамазан
Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)
Тақырып бойынша
Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?
Рамазан айының он артықшылығы туралы не білесіз?
2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Рамазан - 2019: Ораза кестесі
Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады
Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды не үшін жазалағысы келеді?

58
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды БҰҰ-дағы вето құқығын асыра пайдаланғаны үшін жазалау керек деп санайды

Таяуда екі ел Сирияға гуманитарлық көмек жіберу туралы қарарды бұғаттады. Бельгия мен Германия Түркия мен Сирия шекарасында екі бақылау-өткізу пунктін қалдыруды ұсынды, алайда Мәскеу мен Бейжің бұған келіскен жоқ. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

58

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина қалай сынақтан өткізіліп жатыр

82
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытқан. Мамандар сынақтың нәтижесін күтіп отырғанын жеткізді

Ұйым қызметкерлері СOVID-19-ды емдеуге арналған препараттардың тестілеуден өткізіліп жатқанынан да хабардар. Ресейдегі сынақтар бірнеше жерде өткізіліп жатыр. Оған еріктілер қатысуда. Вакцинаны сынақтан қалай өткізіп жатқанын және еріктілердің қазіргі жағдайын видеодан көре аласыз.

82
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

0
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

0