Шапан киіп келді: президентікке кандидаттар қалай дауыс берді - видео

2400
(Жаңартылды 23:54 09.06.2019)
Қазақстан президенті болуға үмітті кандидаттар таңертең сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Олардың қалай дауыс бергенін Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыздар

Сайлау учаскесіне кандидаттардың ішінде бірінші болып коммунист Жамбыл Ахметбеков келді. Ол анасы мен әйелін ертіп апарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Осы жерде бір қызық жағдай болды - оның бюллетені урнаның аузында тұрып қалды, бірақ сәлден кейін ол урнаның ішіне түсті.

Президентікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс беруге әйелімен бірге келді.  "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбековке де отбасы қолдау көрсетті.

Тағы оқыңыз: Шетелдік бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалғанын айтып берді

Ал "Ұлы дала қырандары" қоғамдық ұйымынан сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгел дауыс беруге шапан киіп келді.

Жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева елордадағы №66 мектептегі сайлау учаскесінде дауыс берді.

Кандидаттардың ішінде ең соңғы болып сайлау учаскесіне Әміржан Қосанов келді.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыздар.

2400
Кілт сөздер:
видео, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
"Урнаны теуіп сындырды": ІІМ сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты
Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүзге жуық адам ұсталды - ІІМ
Президенттікке кандидат Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты
Қыз Жібек пен Төлеген сайлауға барды - фото
Кандидат Әміржан Қосанов президент сайлауында дауыс берді
Шетелдік бақылаушы президент сайлауының маңызды бір ерекшелігін атады

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады

101
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Келли Крафт америкалықтар Сирияға көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар жұмсап жатқанда, Мәскеу мен Тегеранның "қолы қанға боялған" деп мәлімдеді

Осылайша, ол Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензяның АҚШ Сирия мұнай кен орындарын пайдаланып жатыр деген сынына жауап берді. Ресей Сирия мұнайының заңсыз саудасы мәселесін бірнеше рет көтерді, осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран бірнеше рет дәлел келтірген еді.

101

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді

86
Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ Германиядағы әскерилердің санын азайтатынын мәлімдеді

Қорғаныс министрінің айтуынша, жақын арада Германиядан шамамен 12 000 әскер шығарылады. Олардың 6 мыңнан астамы елге оралады, ал қалғаны Еуропаның басқа елдеріне, атап айтқанда Италия мен Бельгияға жіберіледі. Германиядан әскерді шығару туралы жоспарды АҚШ президенті Дональд Трамп осы жылдың маусым айында айтты. Ол өзінің бұл шешімін НАТО-ның бұйрығына қарамастан Берлиннің қорғаныс шығындарын көбейтуге құлықсыздығымен түсіндірді.

86
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

11
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

11
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан