Жарылыстан кейінгі Арыс: қираған үйлер, қаңыраған көшелер - жантүршігерлік видео

17019
(Жаңартылды 13:05 25.06.2019)
Sputnik Қазақстан жойқын жарылыстан кейін Арыста түсірілген кадрларды назарыңызға ұсынады. Видеода халық үдере көшкен соң, қаңырап бос қалған қаланы көруге болады

24 маусым күні таңертең Арыс қаласындағы әскери бөлімнен өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастады. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланып, қала халқы қауіпсіз жерге көшірілді.

Шымкенттен 85 километр, Түркістаннан 168 километр қашықтықта орналасқан Арыс қаласында 45 мыңдай адам тұрады.

Тағы оқыңыз: "Ұрлық бар": ішкі істер министрі Арыс қаласындағы ахуалды баяндады

Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Біреуі – Арыс тұрғыны – көлігіне снаряд түсіп, ажал құшқан. Екіншісі қорғаныс министрлігінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметкер еді. Оның денесі іздеу жұмысы кезінде әскери бөлімге жақын жерден табылды.

89 зардап шегуші ауруханада жатыр, олардың ішінде 15 науқас – жансақтау бөлімінде.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылысқа кінәлілерді жазалауға уәде берді

17019
Кілт сөздер:
видео, жарылыс
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (81)
Тақырып бойынша
Арыста әскери қызметкер қаза тапты – қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Арыстағы жарылыс: апелляциялық комиссия жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды
Арыста жарылыс қаупі әлі сақталып отыр – ІІМ
Загрузка...