Ғарышкерлер қазақ жеріне қонды видео

163
Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) үш экипаж мүшесі мінген "Союз МС-11" басқарылатын ғарыш кемесінің аппараты Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 145 километр жердегі қазақ даласына қонды 

Қайта оралған экипаж – ресейлік Олег Кононенко, канадалық Давид Сен-Жак және америкалық Энн Макклейн ХҒС-ға 2018 жылдың желтоқсанында ұшып жеткен.

Видеодан құтқарушылар аппараттың қақпағын ашып, экипаж мүшелерін сақтықпен шығара бастағанын көруге болады.

Ғарышкерлерді жердің гравитациясына бой үйрету үшін аз уақыт орындыққа отырғызып, кейін скафандрды (ғарышкерлер киімі – Sputnik) шешуге медициналық шатырға алып кетті.

Тағы оқыңыз: Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды

Айта кетейік, экипаж Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшқаннан кейін жеті айдан соң жерге оралды.

Кейінірек ғарышкерлерді Қарағандыға тікұшақпен алып кетеді. Ол жерден Олег Кононенко Мәскеу түбіндегі ғарышкерлерді дайындау орталығының ұшағымен Чкалов аэродромына ұшады, ал Давид Сен-Жак пен Энн Макклейн НАСА ұшағымен Американың Хьюстон қаласына жол тартады.

163
Кілт сөздер:
видео, Жезқазған, ғарышкер
Тақырып бойынша
Министр Америкада қазақстандық спутниктердің сәтті ұшырылуымен құттықтады
"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды
Астанадан "ғарышқа" қалай сапар шегуге болады?
Аэроғарыш комитеті тағы бір қазақстандықты ғарышқа ұшыруға қатысты түсініктеме берді
"Шопыр" болған Әубәкіров: қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы не білеміз - фото
Загрузка...