Путин Грузияға қатысты санкцияларға қарсы екенін айтты видео  

56
(Жаңартылды 22:29 09.07.2019)
Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин журналистерге берген сұхбатында Грузияға қатысты санкциялар енгізуге қарсы пікір білдірді

"Мен мұны грузин халқын құрметтегендіктен жасамаушы едім", - деді Ресей президенті.

Путин сондай-ақ теледидар экранынан боғауыз сөз айтқан грузин журналисіне қарсы іс қозғау туралы сұраққа жауап берді, деп жазды РИА Новости.

"Қандай да бір қылмыстық іс қозғау – көп құрмет. Әрі қарай хабар тарата берсін", - деп атап өтті Ресей басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні "Рустави-2" телеарнасының жүргізушісі Георгий Габуния телебағдарлама барысында Ресей президенті мен оның ата-анасына қарсы боғауыз сөз айтты. Оның бұл әрекетін Грузиядағы желі қолданушылары айыптап, ел премьері мен сыртқы істер министрлігі сынға алды.  

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ресей басшылығын грузин радикалды күштерінің арандатуына мән бермеуге шақырды.

Ресей Федерациясының президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков грузин жүргізушісінің қылығы республика билігінің енжарлығын көрсеткенін, сондай-ақ орыстарды жек көру және экстремистік сипатта болғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияда антиресейлік және үкіметке қарсы шерулер өтті, содан кейін елдер арасындағы әуе қатынасы тоқтатылды.

56
Тақырып бойынша
Ел жеңіліске ұшырады - сарапшы Грузиядағы Ресейге қарсы акциялар туралы
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Грузия президенті ресейлік туристер ағынын сақтап қалу қажеттігін айтты
Грузин тележүргізуші Путин мен оның ата-анасына тіл тигізіп, митингіге себепші болды
A'Studio тобы жоспарлаған концертін өткізбейтін болды
Загрузка...