Жүздеген адам қаза болған қорықшыны ақтық сапарға шығарып салды видео

5222
(Жаңартылды 14:18 26.07.2019)
Браконьерлер қолынан қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновпен қоштасу Жезқазған мешітінде өтті

Қорықшымен қоштасуға туыстары, достары, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, экология министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Қоскөл ауылының тұрғындары жиналды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшыны қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауды тапсырған болатын. Министр Мағзұм Мырзағалиев орденді Қаныш Нұртазиновтың анасына табыстады.

Ведомство басшысы бір жылда мұндай екінші жағдайдың болуын ескере отыра, экологиялық инспекторларды оқытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

"Бір ай ішінде инспекторлар құрамына арналған теориялық және тәжірибелік курстар ұйымдастырылады. Оларды материалдық-техникалық қамтуға жіті назар аударамыз", - деді Мырзағалиев Sputnik Қазақстан-ға.

Сейсенбі, 23 шілде күні Ақмола облысында "Охотзоопромның" төрт қызметкері Бірсуат ауылында екі жол талғамайтын көлікпен киіктерді күзету шарасын өткізген. Рейд кезінде ақбөкеннің ауланғаны анықталып, қорықшылар браконьерлердің соңына түседі.

"Нива" көлігінен оқ атылып, салдарынан екі инспектор жарақат алған. Инспекторлардың бірі кеудесінен оқ жарақатын алып, дәрігерлер келгенше жан тапсырды. 1975 жылы туған екінші инспектор кеудесі мен иығынан жарақат алған. Ота жасалды. Қазір денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз: Қорықшыны өлтірді деген күдікпен әкелі-балалы Арқалық тұрғындары ұсталды  

Қылмыс жасады деген күдікпен Арқалық тұрғыны ұсталды.

Ұлытау ауданының аудан орталығындағы көшелердің біріне қайтыс болған қорықшының есімі беріледі.

Оның артында бес баласы, қарт анасы мен жары қалды.

5222
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Ақмола облысында қорықшыны өлтірген адам қалай ұсталғаны белгілі болды
Қорықшының өлімі: Тоқаев тапсырма берді
Қаза болған қорықшының отбасына көмек көрсетіледі – экология министрі  
Браконьерлер шабуылы: министр зардап шеккен қорықшының жағдайы туралы айтты
Тоқаев браконьерлердің жазасын күшейтуді тапсырды

Ресей Конституциясына түзетулер енгізу: шетелде дауыс беру қалай өтті

26
Ресейдің Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпыресейлік дауыс беру 1 шілдеде аяқталды. Дауыс беру 25 маусымда басталып, көрші елдің тарихында алғаш рет бір аптаға созылды

Сайлау учаскелері бүкіл ел бойынша ашылды, сондай-ақ шет елдердегі Ресей азаматтарына, соның ішінде бұрынғы КСРО мемлекеттерінде дауыс беру мүмкіндігі жасалды. Коронавирус пандемиясына байланысты барлық жерде санитарлық бақылаудың қосымша шаралары қолданылды.

26

АҚШ cенатында Түркиядан С-400 кешендерін сатып алу ұсынылды

94
АҚШ cенатында Түркиядан ресейлік жаңа С-400 зениттік-зымыран кешендерін сатып алу ұсынылды. 2021 жылы АҚШ ұлттық қорғанысын бюджеттік қаржыландыру туралы заң жобасына тиісті түзетулерді республикашыл-сенатор Джон Тьюн ұсынды

Яғни, ресейлік кешендерді америкалықтар Пентагон бюджеті есебінен сатып алады. С-400 сатып алу АҚШ пен Түркия арасындағы дауға себепші болған еді. Вашингтон Анкарадан бұл келісімшарттан бас тартып, оның орнына америкалық Patriot жүйесін сатып алуды талап етті. Олай болмаған жағдайда америкалықтар Түркияға қарсы санкциялар қабылдап, Анкараға F-35 жойғыштарын сатуды кешеуілдетеміз немесе мүлде сатпаймыз деп қоқан-лоқы көрсетті. Түрік билігі бұған көнбеді.

94
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0