Қатардағы адам жерленбейді: ұлттық пантеонда қазір кімдер жатыр - видео

1717
Ұлттық пантеон елордадан 17 шақырым жерде Қабанбай батыр кесенесінің жанында орналасқан

Қазіргі таңда қорымда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кешеннің құрылысына бюджеттен 958 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның аумағы шамамен 1000 гектар жерді құрайды.

2017 жылы ұлттық пантеонда кімдер жерленетінін нақтыланып, үкіметтің қаулысымен арнайы ереже бекітілді. Оған сәйкес, зиратта Қазақстан президенттері және олардың отбасы мүшелері; премьер-министрлер, парламент палаталарының төрағалары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігінің басшылары, конституциялық кеңес, жоғарғы сот және ұлттық банк төрағалары; министрлер, мемлекеттік орган басшылары, әкімдер жерленеді.

Тағы оқыңыз: ұлттық пантеонда әртүрлі діннің өкілдері бөлек жерленеді

Бұдан бөлек, тізімде "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар, "Алтын қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталғандар, "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы"  атағын алған азаматтар да бар.

Пантеонда жерлеуге жататын азаматтармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.

Пантеонда кімдер жерленген?

Қазіргі таңда мұнда 8 адам жерленген. Олар:

  • Мәжілістің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов;
  • Бұрынғы қорғаныс министрі, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаевтың әйелі Гүлбану Алтынбаева;
  • ҚР жоғарғы сот кеңесінің экс-төрағасы, бұрынғы бас прокурор Мақсұт Нәрікбаев;
  • Бұрынғы мемлекеттік хатшы, жазушы Әбіш Кекілбайұлы;
  • Экс-депутат, ақын, журналист Фариза Оңғарсынова;
  • Сара Назарбаеваның інісі, "Тау-Кен Самұрық" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Саяхат Қонақай;
  • Бұрынғы депутат Сергей Дьяченко;
  • Есеп комитетінің экс-төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы Камал Әбдірахман демалыс күндері мұнда адамның қарасы көп болатынын айтады.

"Демалыс және мейрам күндері қорымға адам көп келеді. Олар Әбіш Кекілбаевтың, Фариза Оңғарсынованың басына дұға оқымай кетпейді", - дейді ол.

 

Кешенде кімдер жерленгенін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз.

1717
Кілт сөздер:
бейіт, видео
Тақырып бойынша
Ақтөбедегі автобус өртінде қаза тапқандар Өзбекстанда жерленді
"Жүрегі ұстай жаздады". Екі ай бұрын жерленген Атырау тұрғыны үйіне оралды
Көкшетауда жерленген ұлының сүйегін ата-ана қайта қазып алуға мәжбүр болды
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады

22
(Жаңартылды 18:23 12.08.2020)
Владимир Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады. Ол "Спутник V" деп аталды

Ресей президенті препарат тиімді және тұрақты иммундық жүйені қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Путин өзінің бір қызы экспериментке қатысып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырғанын жеткізді. 

22
Кілт сөздер:
Владимир Путин, коронавирус

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1416
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1416
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0