"Алланы ашуландыратын әрекет жасамаңыздар": Құрбан айтта не істеуге болмайды - видео

26379
(Жаңартылды 16:34 05.08.2019)
Биыл Құрбан айт мейрамын мұсылман жамағаты 11-13 тамыз күндері атап өтеді

Құрбан айт – Ораза айттан соң 70 күннен кейін басталатын діни мейрам. Ол үш күн тойланады. Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды.

"Мұхаммед пайғамбар "Айт намазын оқып, Алланың ризалығы үшін құрбан шалу керек. Ең үлкен құлшылық, мұсылманның үлкен міндеті осы" деген. Зекет бере алатын, нисап мөлшеріне жеткен мұсылманға құрбандық шалу - уәжіп. Сондықтан намаз оқымайтын адам да құрбан шала алады", - дейді Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев.

Сонымен қатар ол:

  • Құрбан айтта қандай дұғалар оқу қажет?
  • Құрбандыққа шалынатын малды қалай таңдау керек? Қандай малды союға болмайды?
  • Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы қажет пе? Әлде басқа бір адамға өкілдік беруге бола ма?
  • Құрбандыққа мал соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде таратуға бола ма?
  • Құрбан малдың етін кімге тарату керек? Мұсылман емес адамдарға беруге бола ма?
  • Бұл күндері не істеуге болмайды?
  • Құрбан айт алдында ораза ұстауға рұқсат беріле ме? деген сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыздар.

26379
Кілт сөздер:
құрбан айт
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

149
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

149

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

44
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

44
Абай даңғылының бойындағы тұрғын үй кешендері

Нұр-Сұлтан қаласының бет-бейнесі қалай өзгереді

0
Алдағы он жылда Қазақстанның бас шаhарының бет-бейнесі өзгеріп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі жайлы қалаға айналуы мүмкін, дейді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика жөніндегі орталығы әкімдікке жаңа идеялар ұсына отырып, қала инфрақұрылымын жақсарту туралы тұжырымдарын әзірлеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған жобалардың бірқатары жүзеге асырылды. Бас шаhарды одан әрі көркейту мақсатында атқарылатын жұмыс жоспары турасында орталық басшысы Елнар Базыкен айтып берді.

Адамдарға жайлы қала

Урбанистика орталығы әртүрлі топтың мүдделерін ескере отырып, қаланың қоғамдық кеңістік деңгейінде дамуының әлеуметтік-экономикалық стратегиясына арналған 2030 жылға дейінгі бас жоспарын ұсынды.

"Қала құрылымындағы өте маңызды элемент – қоғамдық кеңістік. Оның дұрыс басқарылуы біз үшін маңызды. Әлемде инвесторлардың, белсенді азаматтардың қоғамдық орындарды тиімді басқару тәжірибесі бар", – деді Базыкен қалаларды дамытуды қолдау жөніндегі QazUrban қауымдастығының ашылуында.

Орталық автокөліктер үшін емес, адамдардың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы қала құру идеясын насихаттайды. Ол үшін мүмкіндігінше, қоғамдық орындарды көптеп құру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды кеңейту және велосипед жолақтарының ұзындығын арттыру жоспарлануда.

Триатлон саябағындағы спорттық ойындар мен таза ауада демалуға арналған көпірасты кеңістік үлгісімен қаланың басқа бөліктерінде де, мәселен Пушкин көшесіндегі көпір астында осы тектес демалыс орындарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Подмостовое пространство на улице Пушкина в Нур-Султане
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтандағы Пушкин көшесіндегі көпірасты кеңістік

Сонымен қатар, орталық Нұр-Сұлтандағы "Астана" саябағынан бастап, Бейбітшілік пен келісім сарайы маңындағы президенттік саябаққа дейінгі барлық үлкен саябақтар біріктірілетін болады.

План объединения парков Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының саябақтарын біріктіру жоспары

Қоғамдық орындарға келетін болсақ, мұнда жасыл желекті көбейту, субұрқақтар мен қаланың бірқатар ауданында орындықтары мен әткеншектері бар демалыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Мәселен, Омаров көшесінің бойында Қазан қаласындағыдай (Татарстан) субұрқақтар кешенін орнату көзделуде.

"Біздің балаларымыз сумен ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан, арық бойында су ойындарына арналған алаңқай ашқымыз келеді. Қазір бұл жоба жүзеге асырылып жатыр. Келер жылы қала тұрғындары нәтижені көрген кезде қатты қуанады деп ойлаймын", – деді Елнар Базыкен.

Благоустройство улицы Омарова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Омаров көшесін көркейту

Елорданың солтүстік жағалауындағы Абай даңғылы, Сәтпаев және Петров көшелері де түрленіп, көркейетін болады.

Бұл жерлерде урбанистер көше құрылымын өзгертіп, велосипед жолдарының орнына велотұрағы бар велосипед жолақтарын жасағысы келеді.

Болашақта ол былай көрінуі мүмкін.

Благоустройство улицы Петрова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Петров көшесін көркейту

"Ескі алаңдағы жобаға бөлек тоқталып өтейін. Ол өте көпфункционалды жоба. Біз қалалық орман, амфитеатр аймағын құруды көздейміз. Онда адамдар кішігірім концерттер мен іс-шараларды өткізе алады және осы жерге өте керемет субұрқақ орнатқымыз келеді", – деді елорда әкімдігінің алдындағы алаңда абаттандыру жобасының нобайын көрсеткен орталық басшысы.

Благоустройство площади перед акиматом Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алдындағы алаңды көгалдандыру

Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы – консультативтік-кеңесші орган. Бірақ Елнар Базыкеннің айтуынша, көптеген шешім уәкілетті органдармен келіссөздер арқылы жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта урбанистер өз идеяларын толық жүзеге асыра ала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ал ұсынылған бас жоспар кемінде он жылға есептелген.

0
Кілт сөздер:
қала, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды
"Келіншегімен жататын төсегі де жоқ": жастар мәселесін көтерген депутат неге ашынды?
Шымкенттің жаңа әкімі Тоқаевтан қандай тапсырма алғанын айтты
"Миллиондаған адам кәсібін ауыстырады" Назарбаев болжам жасады
Қазақстанда тағы екі қалаға республикалық мәртебе беріледі