Путиннің "кружкасы" Қытайда дүрбелең тудырып, кәсіпкерлерді байытты видео

508
(Жаңартылды 15:04 03.08.2019)
Қытайлық кәсіпкерлер Путиннің термосаптыаяғын шығарып, саудалап жатыр

Ресей президенті Владимир Путин Жапонияның Осака қаласында G20 елдері басшыларының құрметіне жайылған дастарқанда өзінің саптыаяқ-термосынан шай ішіп, жұрттың назарын аударған болатын.

Бұл жағдай қытай кәсіпкерлерін осыған ұқсас термосаптыаяқ жасауға итермеледі – Қытайда Владимир Путинді құрмет тұтатындар өте көп.

Осы оқиғаға бір-екі апта өткен соң Ресей елтаңбасы салынған ақ термосаптыаяқ Қытайдағы интернет-дүкендердің бірінде сатылымға шықты.   

Тағы оқыңыз: Омарташы Елбасын балмен шай ішуге шақырды

Видеода қытай бизнесмені Ресей лидері мен өз елінің басшысының ортақ қасиеттері туралы әңгімелейді.

Неліктен кәсіпкерлердің ойына Путиннің әйгілі термосаптыаяғын шығару идеясы келгенін Sputnik видеосынан көріңіз.

"Үлкен жиырмалық" саммиті Жапонияның Осака қаласында 28-29 маусымда өтті.

508
Кілт сөздер:
қытайлар, видео, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Қытайлар қазақтың киізіне қызыға бастады
Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды
Қытайдан әкелінді делінген "резеңке" жұмыртқаның құпиясы ашылды – видео
"Қазақтың қонақжайлығы аздық етеді": Қазақстанға туристер неге аз келеді?

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады

22
(Жаңартылды 18:23 12.08.2020)
Владимир Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады. Ол "Спутник V" деп аталды

Ресей президенті препарат тиімді және тұрақты иммундық жүйені қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Путин өзінің бір қызы экспериментке қатысып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырғанын жеткізді. 

22
Кілт сөздер:
Владимир Путин, коронавирус

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1416
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1416
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0