Халықаралық армия ойындары-2019: алғаш рет қыздар "Танк биатлонына" қатысты

247
3 тамызда Мәскеу түбіндегі Алабино полигонында мерейтойлық бесінші халықаралық армия ойындары басталды. Бірінші кезеңде өткен "Танк биатлонына" алғаш рет биыл танкист қыздар қатысты

Биылғы "Танк биатлоны" өткен жылдарғыдан ерекше болды: жарысқа тұңғыш рет үш әйел командасы қатысты.

Бұған дейін олар әскери салада еңбек еткен, бірақ көбісі медициналық қызметкер болды. Тәжірибеге қатысуға келісім берген қыздар тоғыз ай бойы дайындалған.

Мерейтойлық ойындардың тағы бір жаңалығы – әйелдер командасы алаңға Т-80УЕ-1 газотурбиналық танктерімен  шықты.

Ал ерлер әдеттегідей Т-72Б3 танктерінде өз шеберлігін көрсетті.

Барлығы V халықаралық армия ойындарына 39 мемлекеттен 223 команда қатысып жатыр. Биылғы жылы ойындар 3-17 тамыз аралығында он елдің аумағында өтеді.

247
Тақырып бойынша
Әскери танк жеңіл көлікті таптап кетті – видео
Алматы облысында жауынгерлік танк табылды - фото
Мазақ па? Шымкентте жүрген ерекше "танк" жұрттың ашуын келтірді – видео

Ресей Конституциясына түзетулер енгізу: шетелде дауыс беру қалай өтті

31
Ресейдің Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпыресейлік дауыс беру 1 шілдеде аяқталды. Дауыс беру 25 маусымда басталып, көрші елдің тарихында алғаш рет бір аптаға созылды

Сайлау учаскелері бүкіл ел бойынша ашылды, сондай-ақ шет елдердегі Ресей азаматтарына, соның ішінде бұрынғы КСРО мемлекеттерінде дауыс беру мүмкіндігі жасалды. Коронавирус пандемиясына байланысты барлық жерде санитарлық бақылаудың қосымша шаралары қолданылды.

31

АҚШ cенатында Түркиядан С-400 кешендерін сатып алу ұсынылды

97
АҚШ cенатында Түркиядан ресейлік жаңа С-400 зениттік-зымыран кешендерін сатып алу ұсынылды. 2021 жылы АҚШ ұлттық қорғанысын бюджеттік қаржыландыру туралы заң жобасына тиісті түзетулерді республикашыл-сенатор Джон Тьюн ұсынды

Яғни, ресейлік кешендерді америкалықтар Пентагон бюджеті есебінен сатып алады. С-400 сатып алу АҚШ пен Түркия арасындағы дауға себепші болған еді. Вашингтон Анкарадан бұл келісімшарттан бас тартып, оның орнына америкалық Patriot жүйесін сатып алуды талап етті. Олай болмаған жағдайда америкалықтар Түркияға қарсы санкциялар қабылдап, Анкараға F-35 жойғыштарын сатуды кешеуілдетеміз немесе мүлде сатпаймыз деп қоқан-лоқы көрсетті. Түрік билігі бұған көнбеді.

97
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0