Атамбаевтың үйіне шабуыл жасалды: Бішкекте не болып жатыр видео

1752
(Жаңартылды 10:38 08.08.2019)
Күш құрылымдары Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын өткізбек болды. Олар экс-президенттің Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне келіп, табанды қарсылыққа тап болды

Шабуыл жасалғаны жайлы кеше кешке белгілі болды,  кешкі сағат 8-ге қарай күш құрылымдары Атамбевтың үйіне жинала бастады. Олар Атамбаевтың үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдегендей, резеңке оқпен ата бастады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Атамбаевтың жақтастары күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде үйге кірді. Кейінірек белгілі болғандай, олар арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алды.  

Республика Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, Бішкек ауруханаларына және Шу облыстық ауруханасына әртүрлі жарақатпен 43 адам жатқызылды. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан көз жұмды.

Ішкі істер министрлігінің Шу облысындағы басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алды, ол комаға түсті. Экс-президентті ұстау мүмкін болмады.

Атамбаев мәлімдеме жасады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады. Ол адамдардың, соның ішінде арнайы жасақ сарбаздарының зардап шеккеніне өкініш білдірді.

Атамбаев "билік заңға қарсы келмеу туралы үндеулерге құлақ аспады" деп мәлімдеді. Ол бірнеше рет жазбаша куәлік беруді ұсынғанын және Батукаев ісіндегі кез келген сұраққа жауап беруге дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ билікті арсыздыққа барды деп айыптады, өйткені олар экс-президенттің кінәсіз екенін біледі.  

Атамбаевты экс-президент мәртебесінен қалай айырды

13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.

1752
Кілт сөздер:
видео, Бішкек, Алмазбек Атамбаев
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады
Ресей президенті Қырғызстандағы саяси ахуал туралы пікір білдірді
"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты ұстау операциясы басталды

Студенттер әскери жиын пунктіне лап берді видео

119
Нұр-Сұлтанның әскери жиын пунктінде бірнеше күннен бері студенттердің кезегі толастамай тұр. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, әскери кафердраға түскісі келеді

Бас кезінде дәрігерлер 25 қыркүйекке дейін ғана қабылдайды деген. Содан барлығы бір уақытта әскери жиын пунктіне лап берді. Кіреберісте санитарлық талаптар сақталмайды. Арақашықтықты көрсететін белгілер де көрінбейді. Sputnik Қазақстан тілшілері сол жерге барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан, әскери жиын пунктінде жиналған студент жастар көп. Үсті-басы малмандай су болса да, медициналық тексерістен тездетіп өтуге тырысып жүр. Себебі осы аптаның соңында комиссияның жұмысы аяқталады деген ақпарат болған. Ал оның мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылатынын бүгін ғана айтыпты. Содан адам кезегі азайса да, тексерістен өтемін деушілер әлі де көп. 

"Мысалы, мен үш күндей өте алмай жүрдім. Басқалар да солай. Содан адамдардың агрессиясы басым. Өйткені жасалған кезекке сенбейді. Әскерилер келеді де, бәрін жазып алады, бірақ ол кезек ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Содан адамдар күтіп тұруға мәжбүр. Бүгін 10-ына дейін ұзартылғанын айтты. Осыдан кейін адамдар да азайды. Әйтпесе, бұған дейін бұл жерде 200 адамға дейін жиналып тұратын", - дейді студенттер.

Ал әскерилердің сөзіне қарағанда, сыртта санитарлық талаптар сақталмаса да, іште барлық шара ережеге сай орындалады.

"Мына жерде кафедраға медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Ішінде арақашықтығын сақтап жатырмыз. 10-ына дейін ұзартты. Бас кезінде 25 қыркүйекке дейін болған, арақашықтықты сақтау жағынан үлгермей қалдық. Сол себепті 10 қазанға дейін ұзартты", - дейді олар.

119
Кілт сөздер:
әскери, студенттер

АҚШ "Солтүстік ағын -2" жобасына қарсы коалиция құрады: бұл құрылысты тоқтата ма?

47
АҚШ "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысын тоқтатудың жаңа әдісін ойлап тапты. Мемлекеттік департаменттің басшысы Майк Помпео америкалықтар коалиция құрмақшы деп мәлімдеді

Ресей бұл идеяны кезекті әскери операцияны жүзеге асыру әрекеті ретінде қарастырып отыр. Вашингтонның қатысуымен коалиция болған жерде әрдайым соғыстың "исі шығады" деді Федерация Кеңесінің халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Константин Косачев. 

47
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді