Беларусь, Венесуэла, Моңғолия және Ресей танкистері жарысып жатыр - видео

65
(Жаңартылды 16:00 12.08.2019)
Беларусь, Венесуэла, Моңғолия және Ресейдің танк экипаждары Алабино полигонындағы танк биатлонының жартылай финалына қатысып жатыр – тікелей видеотрансляция

Танк биатлонының жартылай финалына барлығы сегіз команда шықты: Ресей, Қытай, Беларусь, Қазақстан, Моңғолия. Әзербайжан Венесуэла және Сирия.

Қазір "Алабино" полигонында Ресей, Венесуэла, Моңғолия және Беларусь танк экипаждары бақ сынасып жатыр.

Халықаралық армия ойындары 2019 жылы бесінші рет өтіп жатыр. Жарыстар Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің аумағында өткізіледі.

Тағы оқыңыз: "Танк биатлонында" қазақстандықтар Қытай командасын басып озды

30 елден алты мыңнан астам әскери қызметші қатысады деп жоспарланған. Халықаралық армия ойындарының ақтық сайыстары 3 және 17 тамыз аралығында болады.

"Танк биатлоны" жарысы Ресей Федерациясында 2013 жылы пайда болып, Халықаралық армия ойындары бағдарламасына енгізілді. Ол дәстүрге сай Мәскеу облысындағы Алабино полигонында өткізіледі.

65
Кілт сөздер:
видео, танк, Ресей
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар "Танк биатлонының" жартылай финалына шықты
Халықаралық армия ойындары-2019: алғаш рет қыздар "Танк биатлонына" қатысты

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады

26
(Жаңартылды 18:23 12.08.2020)
Владимир Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады. Ол "Спутник V" деп аталды

Ресей президенті препарат тиімді және тұрақты иммундық жүйені қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Путин өзінің бір қызы экспериментке қатысып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырғанын жеткізді. 

26
Кілт сөздер:
Владимир Путин, коронавирус

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1426
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1426
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

0
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды