Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео

116
Қазақстан құрамасы мәреге 1 сағат 46 минутта жетіп, үшінші орын иеленді

"Танк биатлоны" – Халықаралық армия ойындарының ең айшықты жарыстарының бірі. Қазақстан құрамасы биыл Мәскеу облысындағы "Алабино" полигонында үздік үштікке енді.

"Танк биатлоны" жоғарғы лигасының финалистері Еуропа, Африка, Азия және Латын Америкасынан келген 23 ұлттық құраманың ішінен іріктелді. Ақтық сында Ресей (қызыл танк), Қазақстан (көк танк), Әзербайжан (сары танк) және Беларусь (жасыл танк) құрамалары жарысты.

Т-72 Б3 танкісін мінген экипаждар ату және жарысу, су кедергілерінен өту, жауынгерлік дайындығын көрсету бойынша сайысқа түсті.

Тағы оқыңыз: Халықаралық армия ойындары - 2019: танк биатлонының финалы қалай өтті?

Финалдық эстафета 17 тамызда ресейлік танкистердің жеңісімен аяқталды, олар мәре сызығын 1 сағат 33 минутта кесіп өтіп, рекорд орнатты. Екінші орынды Беларусь командасы жеңді.

Бесінші Халықаралық армия ойындары 3-17 тамыз аралығында он ел аумағындағы 25 әскери полигонда өтті  - Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан.

116
Тақырып бойынша
Халықаралық армия ойындары-2019: алғаш рет қыздар "Танк биатлонына" қатысты
Халықаралық армия ойындары: қазақстандық десантшылар сайысқа түсті - видео
Қазақстандық мергендер Халықаралық армия ойындарында қола жүлде алды
Халықаралық армия ойындары-2019: Өзбекстанда қазақстандық әскерилердің мерейі үстем болды
Загрузка...