(0:54 / 7.55Mb / )

Күллі әлемді күңіренткен трагедия: Беслан мектебіндегі теракт - жантүршігерлік видео

1406
Солтүстік Осетияның Беслан қаласында болған жантүршігерлік трагедиядан бері 15 жыл өтті

2004 жылы 1 қыркүйекте Расул Хачбаров бастаған бір топ содыр Білім күніне орай салтанатты шараға жиналғандарды мектеп ғимаратына қуып тықты. Террористер мыңнан астам адамды тұтқынға алған. Олардың басым көпшілігі балалар еді.

Тұтқындардың негізігі бөлігі спортзалда болды, кейін оған содырлар бомба орнатып тастады. Ұсталғандар екі тәуліктен астам ас-сусыз, дәрі-дәрмексіз сонда жатты.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктер Қазақстанда теракт дайындады: арнайы операцияның видеосы шықты

Үшінші қыркүйекте спортзалда екі жойқын жарылыс болды. Содан соң арнайы жасақ мектепке басып кірді. Жауынгерлер балаларды өз кеудесімен қалқалап, тұтқындарды спортзалдан алып шықты, террористермен атысты. Атыс кешке дейін созылған.

334 адам теракт құрбаны болды, олардың 318-і - тұтқынға алынғандар, оның ішінде 186-сы - балалар. 810 адам жарақат алған. Қаза тапқандар арасында - Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің арнайы жасағанының 10 қызметкері, РФ ТЖМ "Центроспастың" екі қызметкері және тұтқындарды құтқаруға атсалысқан Беслан тұрғыны.

Жантүршігерлік трагедияның архивтегі кадрларын видеодан көре аласыз.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі

1406
Кілт сөздер:
видео, теракт

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

0
Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып тұр. 27 қыркүйекте бұл аймақта қарулы қақтығыстар басталды. Қарсылас күштер – Әзербайжан мен Армения бірін-бірі арандатушылыққа барды деп айыптап отыр

Екі ел де қарсы тараптың шабуылға шыққанын, сондықтан, қарсы операцияға мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстар әскери және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғуда. Мұндай жанжал Қарабақта 1994 жылдан бері болмаған еді. Ашық қақтығыстар басылғанымен, шиеленіс жалғаса берді. Заңды түрде Таулы Қарабақ Әзербайжан жері, дегенмен 1991 жылы референдумның нәтижесінде республика өз тәуелсіздігін жариялады. Алайда, әлем Таулы Қарабақ Республикасының тәуелсіздігін әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Негізінен Таулы Қарабақта армяндар көп қоныстанған. Даулы аймақтағы шиеленіс туралы видеодан көріңіз.

0

Бостандықтың белгісі: бүркітшілер құсты қалай аңға салу керектігін көрсетті видео

44
Алматы облысында Төле би ауылының маңында жаңадан "Қыран" ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды. Ол жерде қолөнер, аң аулау және ат үстінде жүріп садақ ату секілді қазақ дәстүрін үйретеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Этномәдени орталықты қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясы ашты, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта тәжірибелі жаттықтырушылар жыртқыш құстармен аң аулағысы келетіндерді баулиды.

Орталықтағы ең жас құсбегі Ерсұлтан Жұмағұлдың айтуынша, оның отбасында бүркітті аңға салу – атадан балаға берілетін мұра. Он төрт жастағы құсбегі он жасынан бері әке жолымен жүріп келеді.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

Ал 20 жылдан бері құсбегілікпен айналысатын Руслан Абылов құстарды жаттықтыру және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала біліп алу қажет дейді.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, туристер Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қатты қызығады. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, жергілікті тұрғындардың бай мәдени мұрасымен танысуға құмар.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

44
Кілт сөздер:
бүркітші, видео