Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео

903
Кішкентай көжек секіріп-секіріп, көгалда жүрген анасына қарай бара жатыр еді

Алайда тұтқиылдан қаршыға шабуыл жасайды. Жыртқыш құс көжекті тырнағына іліп алып, ұша жөнелді.

Роликтің авторлары бұл оқиғадан кейін қатты есеңгіреп қалған екен. Ал видео желіде жылдам тарап, 22 миллионнан астам көріпті.

"Кішкентай көжекке тамақ беріп, көгалға қоя берген едік... Алайда қаршығаның жоспары басқа екен. Әйелім сол сәтте жылап жіберді. Оны жұбату үшін камераны өшіруіме тура келді. Төрт жасар қызымызға қаршыға көжекті біраз қыдыртып, әкеліп тастайды деп түсіндірдік", - деп жазды авторлар.

Оқиғаны видеодан көре аласыз.

903
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, видео
Тақырып бойынша
Бір үйір аш қасқыр қоршап алған бұлан күтпеген әрекет жасап, сытылып кетті - видео
Үндістанда екі аяқты бұзау дүниеге келді - видео
Атжалман баласына дөңгелекте жүгіруді үйретті – күлкілі видео
Ашшы есікті! - мысыққа "тіл үйретіп" еді, далаға шығар деп жалынды – күлкілі видео

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

10
Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып тұр. 27 қыркүйекте бұл аймақта қарулы қақтығыстар басталды. Қарсылас күштер – Әзербайжан мен Армения бірін-бірі арандатушылыққа барды деп айыптап отыр

Екі ел де қарсы тараптың шабуылға шыққанын, сондықтан, қарсы операцияға мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстар әскери және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғуда. Мұндай жанжал Қарабақта 1994 жылдан бері болмаған еді. Ашық қақтығыстар басылғанымен, шиеленіс жалғаса берді. Заңды түрде Таулы Қарабақ Әзербайжан жері, дегенмен 1991 жылы референдумның нәтижесінде республика өз тәуелсіздігін жариялады. Алайда, әлем Таулы Қарабақ Республикасының тәуелсіздігін әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Негізінен Таулы Қарабақта армяндар көп қоныстанған. Даулы аймақтағы шиеленіс туралы видеодан көріңіз.

10

Бостандықтың белгісі: бүркітшілер құсты қалай аңға салу керектігін көрсетті видео

46
Алматы облысында Төле би ауылының маңында жаңадан "Қыран" ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды. Ол жерде қолөнер, аң аулау және ат үстінде жүріп садақ ату секілді қазақ дәстүрін үйретеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Этномәдени орталықты қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясы ашты, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта тәжірибелі жаттықтырушылар жыртқыш құстармен аң аулағысы келетіндерді баулиды.

Орталықтағы ең жас құсбегі Ерсұлтан Жұмағұлдың айтуынша, оның отбасында бүркітті аңға салу – атадан балаға берілетін мұра. Он төрт жастағы құсбегі он жасынан бері әке жолымен жүріп келеді.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

Ал 20 жылдан бері құсбегілікпен айналысатын Руслан Абылов құстарды жаттықтыру және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала біліп алу қажет дейді.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, туристер Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қатты қызығады. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, жергілікті тұрғындардың бай мәдени мұрасымен танысуға құмар.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

46
Кілт сөздер:
бүркітші, видео