Ресей президенті Үндістан премьеріне тікұшақты өзі таныстырды видео

132
(Жаңартылды 20:49 05.09.2019)
2019 жылғы Шығыс экономика форумы кезінде "Қиыр шығыс көшесі" көрмесінде ең жаңа технологиялар таныстырылды

Путин Модиге дәл осы әуе техникаларының үлгілерін таныстыруы кездейсоқ емес.

Ресей Ми-171А2 және Ка-226Т тікұшақтарын Үндістанға жеткізуді жоспарлап отыр. 60 данаға тапсырыс алып үлгерген.

Модидің техниканы қалай қарап шыққанын, Путиннің әңгіме барысында не деп әзілдегені туралы видеодан көріңіз.  

132
Кілт сөздер:
тікұшақ, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Назарбаев Жеңістің 75 жылдығына дайындалуды тапсырды
Путиннің "кружкасы" Қытайда дүрбелең тудырып, кәсіпкерлерді байытты – видео
Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті
Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады
Путин мен Тоқаев "Орталық 2019" әскери жаттығуын бірге тамашалауы мүмкін

Қолжетімді баспана: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн-брифингі

127
(Жаңартылды 11:20 01.10.2020)
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстанда үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту жолдарына арналған брифинг өтіп жатыр. Сауалдарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері жауап береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында баспана кезегі проблемасын жедел шешуді тапсырған болатын.

Кезекті азайту, мұқтаж жандарға баспананы қолжетімді ету бойынша қандай шаралар қолға алынған? Кезекті қалыптастыру үрдісін реформалау жоспары қандай? Бұл сауалдарға "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев жауап береді.

Онлайн-брифинг трансляциясы Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube-каналда көрсетіледі.

127
Кілт сөздер:
баспана, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді?

106
Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс жалғасып жатқан кезде, әлемдік қауымдастық Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келіссөздер жүргізуін талап етіп отыр

Тәуелсіздігін әлем мойындамаған Таулы Қарабақ республикасындағы ушыққан жағдайды БҰҰ, ЕО және Ресей бақылап отыр. Ал Түркия Әзербайжанды қолдайтынын ашық мәлімдеді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

106
Гүлсара Байташованың 100 жылдық тойы. Кейуана жақындарының ортасында отыр

"Жылаған адам көп болды": 102 жасқа келген қазығұрттық кейуананың әңгімесі

11
25 қазанда Гүлсара Байташова 102 жасқа толады. Бүгінде елдің амандығын тілеп, бата жасап отырған кейуанаға жалғыз ұлының жары мен екі немере келіні күтім жасап отыр

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Бүгін - халықаралық қарттар күні. Оңтүстік өңірдегі Қазығұрт ауданы шыңына кеме тоқтағаны туралы аңыздан бөлек, ұзақ жасайтын кісілер тұратын аймақ ретінде де белгілі. Sputnik Қазақстан тілшісі айтулы күнде 102 жасқа келген кейуанамен тілдесіп, бала кезі мен соғыспен тұспа-тұс келген жастық шағы туралы, отбасы мен ұзақ жасаудың құпиясы жайлы сұрады.

Кейуана Гүлсара Байташова 1918 жылы 25 қазанда Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген, 25 күннен соң 102 жасқа толады.

Кейуана Гүлсара Байташова 1918 жылы 25 қазанда Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген
© Photo :
Кейуана Гүлсара Байташова 1918 жылы 25 қазанда Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген

Кейуананың әкесі ерте қайтыс болған. Ал анасы шамамен 80 жасында дүниеден өткен, оның жалғыз ғана бауыры бар. Ұзақ жасау қанында бар Гүлсара апаның түп нағашысы 105 жасында қайтыс болған екен.

Аш қалмау үшін Тәшкенге барған

Бір ғасырдың куәгері жастық шағы жайлы қазір ұмыта бастаған. Алайда, мектепке барған кезі әлі де есінде. Себебі, сол күннің өзінде білім ордасына ерте барып отырумен ерекшеленген. Жеті сыныптық мектепті тәмамдаған ол сабақты жақсы оқығанын айтады.

"Мектептің ауласын тазалаушы кісі кәрі шал еді. Мен мектепке ерте баратынмын. Қолыма бір жапырақ нан алып, ерте барып отырушы едім. Әкемнің аты – Отарбай. Сол кісі "Отарбайдың қызы ерте келіп отырады" деп айтатын", – деп еске алды кейуана балалық шағын.

Гүлсара әже саналы ғұмырын сөз еткенде ашаршылық жылдарындағы оқиғалар есінде жақсы сақталғаны байқалады. Айтуынша, сол кезде ата-анасы мен бауыры және әкесінің інісі Ташкентке қоныс аударған.

"Ашаршылықта күн көре алмай, азып-тозып Тәшкенге (Ташкент – Sputnik) өтіп кеткенбіз. Үйдің есігін жауып, шығып кете салдық. Тәшкенге жеткеннің бәрі тоқ болды, нанға ілесті. Ол жақта көп тұрған жоқпыз, 3-4 жылдан кейін қайтып келдік", – дейді кейуана.

Бойжеткен елге оралған жылдары соғыс басталған. Қиын-қыстау заманда арқа сүйер асқар тауы дүниеден өтіп, анасы екі баламен жесір қалған. Бойжетіп қалған Гүлсара соғыс жылдарында колхоз басқармасында бухгалтер көмекшісі болып жұмыс істейді.

"Соғыс басталғанда бухгалтер көмекшісі болып істедім. Ол уақытта бойжеткен қыз болып, жігітпен сөйлескен емеспін. Соғыстың уақытында қандай жігіт? Соғыстың алдында да жоқшылық уақыт еді", – деп еске алды кейуана.

Келіні Раяның айтуынша, кейуана әлі күнге дейін есепке жүйрік. Қанша зейнетақы алатынын есептеп, біліп отырады.

Содан соғыс басталған жылдары ауылдағы еркек кіндіктің бәрі майданға кетіп, шаруашылық әйелдердің мойнына артылды. Сол жылдары жас Гүлсара масақ терген жеңгелеріне ілесіп жүрген.

"Қараадырда (Қазығұрт тауларының оңтүстік-батысында орналасқан шоқылы тау - Sputnik) жеңгелерім масақ терді. Ол кезде менің бойжетіп тұрған шағым. Сонда келіншектер соғысқа кеткен күйеуін жоқтап, жылаушы еді. Ол уақытта жылаған адам көп болды. Біз шарасыз едік", – дейді Гүлсара апа.

Соғыстан кейінгі жылдар

Соғыс біткен соң бойжеткен Гүлсара майдан шебінде болып, аяғына оқ тиген азаматты жолықтырады. Ол өзінен 20 жас үлкен болған.

"Соғыс біткен уақытта мен бойжеткен қыз едім. Майданда жарақат алған жігіт қанша сөз айтса да, көнбей жүрдім. Сол күндері апам күйеуге шықпай жүрсің деп ұрсатын. Жеңгем де қалыспай, ары-бері айналдырды. Содан мені есекпен алып қашып кеткен. Ленинскіге (қазіргі Қазығұрт ауданы - Sputnik) дейін есекпен барып, әрі қарай көлікпен алып кетті", – деп жастық шағын күліп еске алды кейуана жақындарының ортасында отырып.

Оқи отырыңыз: Тойға барамын деп ауруханаға түсті - коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі 

Тұрмысқа шыққан соң күйеуі екеуі Ташкентке кетеді. Ол жақта жалғыз ұлы майданға кетіп оралмаған отбасының бір бөлмесінде тұрады. Тұңғыш ұлы 1947 жылы Ташкентте дүниеге келген. Содан баласы 3 жасқа келгенде елдегі анасы қатты ауырып, күйеуі, баласымен бірге отанына қайтып оралады.

Елге келген соң ержетіп қалған інісін үйлендірген.

Күніне 25 сиыр сауған

Колхоз уақытында фермада күніне 25 сиыр сауып, іс қылдым, дейді кейуана. Айтуынша, күйеуі де сол жерде жұмыс істеген.

Гүлсара Байташова араға 14 жыл салып, 1961 жылы дүниеге қыз әкеледі. Алайда, бес жылдан кейін күйеуі қайтыс болған. Ер жетіп қалған баласын ағасы мен жеңгесіне аманаттап, бес жастағы қызын алып егін егіп, жер жыртатын жұмысшыларға аспаз болып жұмысқа орналасады.

Бұл іспен қызы мектепке баратын жасқа жеткенше айналысқан.

Гүлсара апа қызымен бірге
© Photo :
Гүлсара апа қызымен бірге

Кейін совхоздағы еңбегі ескеріліп, "Еңбек ардагері" орденімен марапатталды.

Тәуелсіздік жылдарындағы өмір

Гүлсара Байташова 1972 жылы келін алып, ене болды. 48 жылдан бері келіні Рая бар жағдайын жасап, қызындай болып отыр.

"Тәуелсіздік алған жылдары халықта ақша болмады, немере көбейіп, бәрін бағу қажет еді. Қиын болды. Тірлік жасап жүріп теңелдік. 2000 жылдан бері қарай тұрмысымыз жөнделе бастады. Оған дейін ақшаны қайдан табамыз деп отыратынбыз. Енемнің аз-кем зейнетақысын жеткіздік. Біз ақша табу үшін жұмысқа шықтық, бұл кісі үйде бала бақты. Қиналмадық десек, өтірік болады. Айлық жоқ, бір кездері зейнетақыны да тоқтатып қойды", – дейді келіні.

Қазір 102 жастағы кейуана екі немере келін жұмсап отыр. Одан бөлек жалғыз ұлының жары да жанында. Ұлы төрт жыл бұрын дүниеден өткен.

Гүлсара Байташованың 8 немере, 25 шөбере, 4 шөпшегі бар
© Photo :
102 жастағы Гүлсара апа шөбересімен бірге

Бір ұл, бір қыздан 8 немере мен жиен сүйген Гүлсара апаның қазір 25 шөбере, 4 шөпшегі бар.

Ұзақ жасаудың сыры неде?

Келіндерінің айтуынша, кейуана қашан да өзін салмақты ұстаған. Тамақты таңдап ішпейді, қазірге дейін ас таңдамайды.

"Бұл кісі өте салмақты. Болмашыға шыр-пыр болып, күйгелектенбейтін. Елге басу айтып, өтеді де кетеді деп отыратын. Балалар бұзық болса да, ұрыс шығармайды. Кісі қайтыс болса, күйініп, қатты айғайламайды. Байыппен ғана көңіл айтады", – дейді келіні.

Оқи отырыңыз: Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты

Бүгінде жүз жасаған Гүлсара апаның құрдастары қалмағанымен, 90 жастағы құдағиымен әлі күнге дейін әзілдесіп отырады.

"Екеуі бір-бірін іздейді. Шүйіркелесіп әңгіме айтып, әзілдесіп қояды. Менің анам да салмақты кісі. Бұрын көршілермен тату тұрғанын айтып отырады. Өздері бас қосқанда әзірлейтін бір тамақ болыпты, сол жайлы әңгімелеседі", – дейді келіні тілшінің жүзге жеткен кісінің не жайлы әңгіме-дүкен құратыны жайлы сұрағына.

Елу жылдан бері дәрі ішіп ұйықтайды

1970 жылы баласын әскер қатарына жіберген ана сол уақыттан бері түнгі ұйқысынан айырылған. Елу жылдан бері Гүлсара апа ұйықтататын дәрімен көз іледі.

"Ұйықтататын дәрінің барлық түрін ішіп шықты. Сол кездері уайымнан көз іле алмаған, кейін ағзасы үйреніп кетті. Қазір аллергияға қарсы дәрі мен ұйықтататын дәріні үзбей ішіп отырады", – дейді келіні.

Кейуана жас күнінде баласы көшеге шығып кетсе, үйге оралғанша ұйықтамай күтіп отыратын болған. Үйіне қонақ келсе де, көз шырымын ала алмайтын әдеті бар екен. Ал қазір дәрімен ұйықтаған соң біреу барып оятқанша демала береді.

Шөпшегің беттен өпкенде...
© Photo :
Шөпшегің беттен өпкенде...

Айтуынша, Гүлсара апа дәрігердің көмегіне жүгіне бермейді. Денсаулығы сыр бере бастаса, дәрі ішеді де жазылып кетеді.

Кейуана 90 жасқа дейін көрпе-төсек тігіп, жыртықты да өзі жамап келген. Кейінгі жылдары бір көзі дұрыс көрмей қалғанымен, әлі күнге дейін көзілдірік тақпайды.

Сонымен қатар, ол бау-бақша баптап, көкөніс өсіргенді жақсы көреді. 60-70 жасына дейін бау-бақшасын ешкімге сеніп тапсырмай, өзі бел ортасында жүрген.

Әңгіме соңында кейуана нені армандайтыны жайлы сұраққа жауап берді.

"Бізде енді қандай арман болсын?! Арман қылатын уақыт өтіп кетті. Арманым жоқ. Бүгін кетсем де, ертең кетсем де, кетсем деп отырмын. Жүзге келгеннен кейін болды ғой", – дейді кейуана.

Гүлсара Байташова 102 жасқа келсе де, өлең-жыр мен батаны ұмытпаған. Батасында елдің амандығы мен тыныштығын тілеп отыр. 

11
Кілт сөздер:
Қазығұрт ауданы, әже, кейуана
Тақырып бойынша
"Әлі дәрі ішіп көрген жоқ" 104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты
Қостанайда 65 жастағы қария ауыр қылмысы үшін 20 жылға сотталды
Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр
Көкшетауда жасы тоқсанға таяған кейуана қызы мен жиенін ертіп, көшеде түнеп жүр