Мәскеуліктер "Қазақстан" павильонында қонақтарды қазақ тілінде шақырды видео

244
"Москва қазақша" видеоблогының ұйымдастырушылары Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде видео түсіріп, қонақтарды Қазақстан павильонына шақырды

Бір минуттық видеода Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің түлектері Қазақстан павильонының тарихы туралы қазақ тілінде айтады.

Қыздар павильонның алғашқы ғимараты 1937 жылы салынғанын айтады. 1964 жылы павильон "Металлургия" деп аталды, біраз уақыттан кейін ол қайта құрылды.

"Қазақстан" павильоны Қазақ КСР халық шаруашылығының жетістіктерін көрсетті. 2011 жылы павильон Қазақстан үкіметіне тапсырылды. Сосын басқаша құрылды", - дейді мәскеуліктер қазақ тілінде.

"Москва қазақша" жобасы өткен жылдың соңында пайда болды. Идея авторлары студент Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова қазақ тілін үйренуге кірісті. Ауызша сөйлеу дағдысын жақсарту үшін қыздар қазақ тілінде видеоблог жүргізіп келеді.

244
Кілт сөздер:
видео, қазақ тілі

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

41
Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып тұр. 27 қыркүйекте бұл аймақта қарулы қақтығыстар басталды. Қарсылас күштер – Әзербайжан мен Армения бірін-бірі арандатушылыққа барды деп айыптап отыр

Екі ел де қарсы тараптың шабуылға шыққанын, сондықтан, қарсы операцияға мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстар әскери және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғуда. Мұндай жанжал Қарабақта 1994 жылдан бері болмаған еді. Ашық қақтығыстар басылғанымен, шиеленіс жалғаса берді. Заңды түрде Таулы Қарабақ Әзербайжан жері, дегенмен 1991 жылы референдумның нәтижесінде республика өз тәуелсіздігін жариялады. Алайда, әлем Таулы Қарабақ Республикасының тәуелсіздігін әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Негізінен Таулы Қарабақта армяндар көп қоныстанған. Даулы аймақтағы шиеленіс туралы видеодан көріңіз.

41

Бостандықтың белгісі: бүркітшілер құсты қалай аңға салу керектігін көрсетті видео

46
Алматы облысында Төле би ауылының маңында жаңадан "Қыран" ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды. Ол жерде қолөнер, аң аулау және ат үстінде жүріп садақ ату секілді қазақ дәстүрін үйретеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Этномәдени орталықты қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясы ашты, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта тәжірибелі жаттықтырушылар жыртқыш құстармен аң аулағысы келетіндерді баулиды.

Орталықтағы ең жас құсбегі Ерсұлтан Жұмағұлдың айтуынша, оның отбасында бүркітті аңға салу – атадан балаға берілетін мұра. Он төрт жастағы құсбегі он жасынан бері әке жолымен жүріп келеді.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

Ал 20 жылдан бері құсбегілікпен айналысатын Руслан Абылов құстарды жаттықтыру және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала біліп алу қажет дейді.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, туристер Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қатты қызығады. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, жергілікті тұрғындардың бай мәдени мұрасымен танысуға құмар.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

46
Кілт сөздер:
бүркітші, видео
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды