Калининградта жанкүйерлер Қазақстан құрамасына тосынсый жасады видео

349
Қазақ диаспорасының мүшелері Калининградтағы "Храброво" әуежайында Қазақстан құрамасының футболшыларын қарсы алды

Жанкүйерлер "Алға, Қазақстан! деп ұрандатып, қол шапалақтады.

Әуежайдағы мұндай жылы кездесу футболшылар мен жаттықтырушылар құрамын таңғалдырды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның оңтүстігінде 2,4 миллион теңге жалақыны кімдер алады? 

Еске салайық, сағат 00.45-те Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу матчы аясында Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында кездесу өтеді.

Командалар 2018 жылғы әлем чемпионатына арнайы салынған Калининград стадионында ойнайды. Арена Ресей Федерациясындағы ең әдемі стадиондардың бірі саналады.

Барлық 35 мың билет сатылды.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында қорғаушы Ян Вороговский футболда барлығы болуы мүмкін екенін және Қазақстан құрамасының алаң иелеріне тосынсый жасауға шамасы келетінін атап өтті.

349
Кілт сөздер:
Ресей, Қазақстан, футбол

АҚШ қандай соғысқа дайындалып жатыр - видео

387
АҚШ ӘӘК штабының жаңа басшысы Чарльз Браун өзінің ең алғашқы баяндамасында америкалықтардың үлкен соғысқа дайындалуы қажеттігін мәлімдеген еді

Бұл соғыс өзінің территориясында болуы да ғажап емес. Шенеуніктің пікірінше, АҚШ күш-қуаты өзімен тең келетін ірі державамен қақтығысып қалуы, ал үлкен шығындарға алып келетін текетірес ауқымы жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып түсуі мүмкін.

Сонымен, Браун қарсылас ретінде Ресей мен Қытайды атады және олардың әскери әлеуетінің уақыт өткен сайын қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Осы ретте генерал сын-қатерді мейлінше азайту үшін қорғаныс саласын қаржыландыруды кезекті мәрте өсіруді ұсынды.

387

"Тау судай ағып жатыр": Қырғызстандағы ірі көшкіннің видеосы таралып жатыр

2326
Қырғызстанның Нарын облысындағы Қара-Кече көмір кенінде ірі топырақ көшкіні салдарынан тау опырылып қалды

Желіде тараған видеодан таудан ірі көлемде сырғыма түскенін көруге болады. Көшкіннің қатты болғаны сонша, тау төбесіндегі тастар да кұлаған.  

"Сай толып кетті. Міне, Диқанға баратын жол, 37-ші шақырым. Тау судай ағып жатыр", - дейді автор.   

Көлік және жолдар министрлігі оқиғаның Диқан — Қара-Кече тасжолының 37-ші шақырымында болғанын растады.

"Таудан түскен массаның көлемі шамамен 900 мың текше метр болды. Ол электр желілерін бұзып, Қара-Кече өзенінің арнасы мен жолды жауып тастады", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде үкімет басшысының тапсырмасы бойынша апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссияның шешімімен тасжол жабылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

2326
Кілт сөздер:
Қырғызстан, тау көшкіні
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

1564
(Жаңартылды 13:50 19.09.2020)
Мемлекет басшысының жарлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге мораторий жариялау туралы жарлыққа толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілді:   

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

  • "12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, президенттің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін заң бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және  хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

1564
Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: жаңа министрлікті құру үшін қанша ақша керек
Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды
Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды