(1:54 / 14.54Mb / )

Дәрігерлер "гауһар таспен" жылайтын қыздың сырын түсіне алар емес видео

846
Арменияның Спандарян ауылының тұрғыны бір-екі ай бұрын түсініксіз жағдайға тап болды. Оның оң көзінен жастың орнына "гауһар тас" шыға бастаған

Сатеник Казаряннің көзінен күніне елу кристалл шығады.

Қыз көзінің қатты ауыратынын айтады. "Гауһар тастарды" көзінен алуға туысы көмектеседі.

Жуырда кристалл сараптамаға жіберілген. Сатеник оның қорытындысын тағатсыздана күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Мамандар қандай адамның 80 жасқа дейін өмір сүретінін айтты

Дәрігерлер қызға қалай көмектесу керек екенін әлі білмейді.

"Гауһар таспен" жылайтын қыз туралы толығырақ Sputnik Армения видеосынан көре аласыздар.

846
Кілт сөздер:
видео, қыз, көз ауруы, дәрігерлер
Тақырып бойынша
Қатерлі ісік пайда болады: дәрігерлер қандай тағамнан бас тарту керектігін айтты
Cегіз жасар бала анасын ажал аузынан алып қалды
Жүгіруге шыққан қыз күтпеген жерден аяғынан айырылды

"Лайықты серіктес-2020" оқу-жаттығуы аяқталды: НАТО әскерилері не істеді?

36
Грузияда "Лайықты серіктес-2020" халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Маневрлерге қатысу үшін АҚШ, Польша, Франция, Ұлыбритания және Грузияның өзінен 3 мыңға тарта әскер келді

АҚШ елшісі елдер бірлескен күш-жігердің арқасында жауынгерлік даярлықты жақсартқысы және Қара теңіз аймағындағы қауіпсіз жағдайды сақтағысы келетінін айтты. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

36
(NaN:NaN / NaNMb / )

Әлемдік лидерлер виртуалды сессия режимінде БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өтіп жатыр

50
(Жаңартылды 19:46 21.09.2020)
БҰҰ-ның тарихи, мерейтойлық сессиясы аясында мемлекет басшылары сөз сөйлейтін жоғары деңгейдегі кездесулер апталығы басталды. Толығырақ тікелей эфирде

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының тарихи 75-ші сессиясы өтіп жатыр.  

Мемлекет басшылары делегаттар алдында сөз сөйлейді.

COVID-19 пандемиясына байланысты спикерлер бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, виртуалды форматта баяндама оқиды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды 

Әлем лидерлерінің көпшілігі бұл шараға қатыспайды. Олар алдын ала жазылған бейне хабарламаларды ұсынады.

Мерейтойлық сессияда не айтылатынын, бұл жолы қандай ғаламдық проблемалар талқыланатынын тікелей эфирден көріңіз.

50
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

32
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

32
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды