Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері кездесті видеотрансляция

53
(Жаңартылды 13:12 09.10.2019)
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен Қазақстанға келді. Ол қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті

Министрлер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімдердің орындалуын талқылайды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы негізгі қақтығыс аймағына жақын болуына байланысты өңірлік қауіпсіздік мәселесін сөз етеді.

Аймақтық қауіпсіздік, терроризм және экстремизм және заңсыз есіркі таратумен күрес саласындағы әріптестік басты назарда болады. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мұхтар Тілеубердімен келіссөзден кейін Сергей Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланып отыр.

53
Кілт сөздер:
видео, сыртқы істер министрлігі, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей өнім тасымалдау жөнінде келісімге келді
Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады
Лавров: Қазақстан мен РФ Таяу Шығыстағы терроризмді ауыздықтауға тырысады
Сыртқы істер министрлігі шетелде ұсталған Полторанин туралы: қайда жүргенін білмейміз
Лавров Тоқаевпен Байқоңыр мәселесін талқылауы мүмкін – Притчин

БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

40
БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына 75 жыл толды. Қатысушы елдер ұйымға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Себебі, бүгінде әлем басқа, ал құрылым ескірген. Алайда, кез келген өзгерістің соңы жақсылыққа әкелмейтіні де белгілі.

40

Студенттер әскери жиын пунктіне лап берді видео

136
Нұр-Сұлтанның әскери жиын пунктінде бірнеше күннен бері студенттердің кезегі толастамай тұр. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, әскери кафердраға түскісі келеді

Бас кезінде дәрігерлер 25 қыркүйекке дейін ғана қабылдайды деген. Содан барлығы бір уақытта әскери жиын пунктіне лап берді. Кіреберісте санитарлық талаптар сақталмайды. Арақашықтықты көрсететін белгілер де көрінбейді. Sputnik Қазақстан тілшілері сол жерге барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан, әскери жиын пунктінде жиналған студент жастар көп. Үсті-басы малмандай су болса да, медициналық тексерістен тездетіп өтуге тырысып жүр. Себебі осы аптаның соңында комиссияның жұмысы аяқталады деген ақпарат болған. Ал оның мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылатынын бүгін ғана айтыпты. Содан адам кезегі азайса да, тексерістен өтемін деушілер әлі де көп. 

"Мысалы, мен үш күндей өте алмай жүрдім. Басқалар да солай. Содан адамдардың агрессиясы басым. Өйткені жасалған кезекке сенбейді. Әскерилер келеді де, бәрін жазып алады, бірақ ол кезек ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Содан адамдар күтіп тұруға мәжбүр. Бүгін 10-ына дейін ұзартылғанын айтты. Осыдан кейін адамдар да азайды. Әйтпесе, бұған дейін бұл жерде 200 адамға дейін жиналып тұратын", - дейді студенттер.

Ал әскерилердің сөзіне қарағанда, сыртта санитарлық талаптар сақталмаса да, іште барлық шара ережеге сай орындалады.

"Мына жерде кафедраға медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Ішінде арақашықтығын сақтап жатырмыз. 10-ына дейін ұзартты. Бас кезінде 25 қыркүйекке дейін болған, арақашықтықты сақтау жағынан үлгермей қалдық. Сол себепті 10 қазанға дейін ұзартты", - дейді олар.

136
Кілт сөздер:
әскери, студенттер
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты

Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

495
(Жаңартылды 14:20 26.09.2020)
Автокөлікте бес адам болған, үшеуі апаттан қаза болды. Олар Көкшетау қаласынан елордаға қарай келе жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.

Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.

ДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

 

495
Кілт сөздер:
жол апаты, кәсіпкер
Тақырып бойынша
"Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті
"Сағынышымыз сейілді": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады
Танымал қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды