Лавровтың Қазақстанға ресми сапары қалай өтті видео

49
(Жаңартылды 20:52 09.10.2019)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сапары екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беру үшін өте маңызды екенін атап өтті

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келді. Түске дейін ол Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Олар бірқатар мәселені, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды, еуразиялық интеграцияны және Астана процесінің Сириядағы жағдайды шешудегі рөлін талқылады.

Содан кейін Лавровты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Мемлекет басшысы бірқатар мәселе шешіліп жатқандығын атап өтті.

"Біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта айтарлықтай проблемалар жоқ, бұл Қазақстан мен Ресей сияқты серіктестер үшін табиғи нәрсе", - деді Тоқаев.

Ресей министрі елдердің қарым-қатынасының даму қарқыны барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарыға бағдар болуы тиіс екенін атап өтті.
 

49
Кілт сөздер:
Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Лавров Қазақстанға не үшін келгенін айтты
Сириядағы соғыс аяқталды – Ресей СІМ
Ресей министрі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді
Ресей тарапы Қытайдағы лагерьлерге қатысты ұстанымын ашық айтты
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ

БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

40
БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына 75 жыл толды. Қатысушы елдер ұйымға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Себебі, бүгінде әлем басқа, ал құрылым ескірген. Алайда, кез келген өзгерістің соңы жақсылыққа әкелмейтіні де белгілі.

40

Студенттер әскери жиын пунктіне лап берді видео

136
Нұр-Сұлтанның әскери жиын пунктінде бірнеше күннен бері студенттердің кезегі толастамай тұр. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, әскери кафердраға түскісі келеді

Бас кезінде дәрігерлер 25 қыркүйекке дейін ғана қабылдайды деген. Содан барлығы бір уақытта әскери жиын пунктіне лап берді. Кіреберісте санитарлық талаптар сақталмайды. Арақашықтықты көрсететін белгілер де көрінбейді. Sputnik Қазақстан тілшілері сол жерге барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан, әскери жиын пунктінде жиналған студент жастар көп. Үсті-басы малмандай су болса да, медициналық тексерістен тездетіп өтуге тырысып жүр. Себебі осы аптаның соңында комиссияның жұмысы аяқталады деген ақпарат болған. Ал оның мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылатынын бүгін ғана айтыпты. Содан адам кезегі азайса да, тексерістен өтемін деушілер әлі де көп. 

"Мысалы, мен үш күндей өте алмай жүрдім. Басқалар да солай. Содан адамдардың агрессиясы басым. Өйткені жасалған кезекке сенбейді. Әскерилер келеді де, бәрін жазып алады, бірақ ол кезек ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Содан адамдар күтіп тұруға мәжбүр. Бүгін 10-ына дейін ұзартылғанын айтты. Осыдан кейін адамдар да азайды. Әйтпесе, бұған дейін бұл жерде 200 адамға дейін жиналып тұратын", - дейді студенттер.

Ал әскерилердің сөзіне қарағанда, сыртта санитарлық талаптар сақталмаса да, іште барлық шара ережеге сай орындалады.

"Мына жерде кафедраға медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Ішінде арақашықтығын сақтап жатырмыз. 10-ына дейін ұзартты. Бас кезінде 25 қыркүйекке дейін болған, арақашықтықты сақтау жағынан үлгермей қалдық. Сол себепті 10 қазанға дейін ұзартты", - дейді олар.

136
Кілт сөздер:
әскери, студенттер
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты

Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

709
(Жаңартылды 14:20 26.09.2020)
Автокөлікте бес адам болған, үшеуі апаттан қаза болды. Олар Көкшетау қаласынан елордаға қарай келе жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.

Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.

ДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

 

709
Кілт сөздер:
жол апаты, кәсіпкер
Тақырып бойынша
"Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті
"Сағынышымыз сейілді": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады
Танымал қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды