Ресейдің қаласында Қазақстанның павильоны ашылады видео

50
Россотрудничество* жетекшісінің орынбасары Михаил Брюханов Санкт-Петербург қаласында Қазақстанның ұлттық орталығын ашу жоспарда бар екенін айтты. Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі негізінде жасалуы мүмкін

"Екі елдің үкіметаралық отырысы достық қарым-қатынас бар жерде шешілмейтін мәселе болмайтынын көрсетті. Бұл біздің агенттік жұмысының жемісі деуге де болады. Біз "Отандастар", "Болашақ" сынды қорлармен тығыз әріптестік орнаттық. Меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз ", - деді Брюханов.

Тағы оқыңыз: Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді

Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде "Қазақстан" ұлттық павильоны ашылғанын атап өтті. Мұндай орталықты Санкт-Петербург қаласында да ашу жоспарланып отыр.

*Россотрудничество – Ресейдің ТМД істері және шетелде жүрген отандастар мәселесімен айналысатын агенттік.

50
Кілт сөздер:
видео, Қазақстан, Ресей
Тақырып бойынша
Омбы Тоқаев пен Путинді қарсы алуға қалай дайындалып жатыр?
Қазақстан мен Ресей білім саласындағы әріптестікті нығайтпақ
Абай жылы Ресейде қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтың жаңа толқынын тудырады – Швыдкой
Қазақстан мен Ресей өзара сауда көлемін арттыру мәселесін көтерді
Ресей мен Қырғызстан жылының бағдарламасы дайындалып жатыр  
Загрузка...