Ресей мен Түркия Сирияға қатысты маңызды шешімдер қабылдады видео

89
(Жаңартылды 21:01 23.10.2019)
22 қазанда Ресей басшысы Владимир Путин Сочидегі резиденциясында түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізді

Ресей президенті мен оның түрік әріптесінің келіссөздері шамамен 7 сағатқа созылды, оның ішінде бірнеше сағат көшбасшылар бетпе-бет сөйлесті.

Бірлескен баспасөз мәслихатындағы келіссөздердің нәтижесі бойынша Владимир Путин Сирияның тұтастығы сақталуы керек, онда шетелдік әскерилер болмауы тиіс және Түркия мен Сирияның ортақ шекарасында бейбітшілік пен тыныштықты бірге қорғауымыз керек деді. 

Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған арасындағы алты сағаттық келіссөздер нәтижесінде 10 тармақтан тұратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол жеткізілді.

89
Кілт сөздер:
видео, Сирия, Түркия
Тақырып бойынша
Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтеді
Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды
Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті
Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді
Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады
Загрузка...