Зағип баланың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

600
9 жастағы бүлдіршіннің көзі мүлдем көрмей қалған. Алайда ол футбол ойнаудан бас тартар емес. Ерекше бала туралы біздің видеомыздан толығырақ біле аласыз

Майк Полли дені сау болып туды. Алты жасында ата-анасы көз дәрігеріне апарған. Балада көздің ішкі тор қабығының сирек ауруы анықталды.  

18 айдан соң Майк көз жанарынан айырылды. Алайда сырқат оны футболға деген қызығушылығынан айырмады. Майк алдына мақсат қойып, арманына жетуді аңсап отыр.

Тағы оқыңыз: АҚШ-та бетінде "Бэтменнің маскасы" бар сәби дүниеге келді – видео

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыз.

600
Кілт сөздер:
видео, көз ауруы, бала
Тақырып бойынша
"Музарт" тобының әндері қатты ұнайды" Алты бірдей аспапта ойнайтын зағип жігіттің әңгімесі
Ауыр дертпен күресіп жүрген астаналық жігіт: бақсы-балгерлерге бармаңдар
Қазақстанның зағип футболшылары қалай жаттығады - видео
Спортшы қыздың хиджабы ұшып кетті: қарсыластарының әрекеті жұртты таңғалдырды
"Бізді де шақырады": Моңғолиядағы қазақ баласы ең басты арманы, бүркітші қызбен таныстығы жайлы

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады

161
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Келли Крафт америкалықтар Сирияға көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар жұмсап жатқанда, Мәскеу мен Тегеранның "қолы қанға боялған" деп мәлімдеді

Осылайша, ол Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензяның АҚШ Сирия мұнай кен орындарын пайдаланып жатыр деген сынына жауап берді. Ресей Сирия мұнайының заңсыз саудасы мәселесін бірнеше рет көтерді, осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран бірнеше рет дәлел келтірген еді.

161

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді

95
Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ Германиядағы әскерилердің санын азайтатынын мәлімдеді

Қорғаныс министрінің айтуынша, жақын арада Германиядан шамамен 12 000 әскер шығарылады. Олардың 6 мыңнан астамы елге оралады, ал қалғаны Еуропаның басқа елдеріне, атап айтқанда Италия мен Бельгияға жіберіледі. Германиядан әскерді шығару туралы жоспарды АҚШ президенті Дональд Трамп осы жылдың маусым айында айтты. Ол өзінің бұл шешімін НАТО-ның бұйрығына қарамастан Берлиннің қорғаныс шығындарын көбейтуге құлықсыздығымен түсіндірді.

95
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

114
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

114
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды