Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың бағдарламасы әзірленді видео

147
Шекара маңы ынтымақтастығын нығайту Омбыдағы XVI өңіраралық форумда талқыланған басты мәселелердің бірі

Ресей мен Қазақстан шекарадағы инфрақұрылымды жаңартады. Бұл туралы Омбыдағы XVI өңіраралық форумда Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Ол стратегиялық серіктестікті дамытуға екі елдің шекаралас аймағындағы аудандардың достық байланысының маңызын атап өтті. Ресей президенті федералды ведомстволарды нақты идея ұсынуға шақырды.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Үздік тұжырымдамалар Ресей мен Қазақстан әріптестігінің арнайы бағдарламасына енеді.

147
Кілт сөздер:
видео, шекара, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Тоқаев Ресей және Қытаймен арадағы қарым-қатынас туралы айтты
Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты
Тоқаевты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны қуантады
Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 ұшағын жеткізу туралы келісім жасауда

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

31
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

31

БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

44
БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына 75 жыл толды. Қатысушы елдер ұйымға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Себебі, бүгінде әлем басқа, ал құрылым ескірген. Алайда, кез келген өзгерістің соңы жақсылыққа әкелмейтіні де белгілі.

44
базар, өрт, архив

Ақтауда базар өртенді видео

8
"Масат" базарындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

8
Кілт сөздер:
өрт, видео