Түркия ресейлік С-400 радарларын сынақтан өткізе бастады видео

117
(Жаңартылды 16:30 26.11.2019)
Түркияның қарулы күштері С-400 зенит-зымыран кешендерінің радарлық қондырғыларын сынақтан өткізе бастады. Анкара оларды Мәскеуден сатып алған еді

Мамандар әуеге қарсы қорғаныс жүйелерінің ұшақтармен байланысын тексереді. АҚШ тарапынан Түркияға қысым күшейсе де, сынақ жалғасып жатыр.

Толығырақ Sputnik видеосынан көріңіздер.

Ресейлік әскерилер америкалықтардың Сириядағы бұрынғы аэродромына орналасты

Керч бұғазында ұсталған кемелер Украинаға қайтарылды

Ресей "Искандер-М" зымыран кешендерін қайта қаруландыруды аяқтады – видео

117
Кілт сөздер:
видео, Түркия, Ресей

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады

80
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Келли Крафт америкалықтар Сирияға көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар жұмсап жатқанда, Мәскеу мен Тегеранның "қолы қанға боялған" деп мәлімдеді

Осылайша, ол Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензяның АҚШ Сирия мұнай кен орындарын пайдаланып жатыр деген сынына жауап берді. Ресей Сирия мұнайының заңсыз саудасы мәселесін бірнеше рет көтерді, осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран бірнеше рет дәлел келтірген еді.

80

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді

78
Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ Германиядағы әскерилердің санын азайтатынын мәлімдеді

Қорғаныс министрінің айтуынша, жақын арада Германиядан шамамен 12 000 әскер шығарылады. Олардың 6 мыңнан астамы елге оралады, ал қалғаны Еуропаның басқа елдеріне, атап айтқанда Италия мен Бельгияға жіберіледі. Германиядан әскерді шығару туралы жоспарды АҚШ президенті Дональд Трамп осы жылдың маусым айында айтты. Ол өзінің бұл шешімін НАТО-ның бұйрығына қарамастан Берлиннің қорғаныс шығындарын көбейтуге құлықсыздығымен түсіндірді.

78
Димаш Құдайберген

"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

0
(Жаңартылды 12:05 04.08.2020)
Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын жазды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы көшелерінің бірінде салынған суретіне байланысты пікірін жазды.

Мурал с изображением Димаша
© Photo : Twitter / sula_manchester
Әнші суреті туралы жар салып жазуға ұялғанын айтты

Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын, алайда алдында аға буын өкілдері тұрғандықтан, ол жайлы жар салып жазуға ұялғанын айтты.

"Алматы қаласында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар әнші муралды салған азаматтардың еңбегін бағалады.

"Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін және барша қолдаушыма шын жүректен алғыс білдіремін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші әлеуметтік желіде ұлттық аза тұту күніне орай жазба жариялап, мамыражай күндердің қайта келетініне сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: "Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті

0
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді - видео
Димаш Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән шырқады – видео  
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді
Карантин-style: Димаш Құдайберген сақал қойды