Ресейдің қорғаныс министрлігі Сириядағы арандатушылықтар жайлы ескертті видео

46
Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияда "Ақ каскалар" экстремистік "Джебхат ан-Нусра" тобының содырларымен бірігіп дайындап жатқан арандатушылықтар жайлы ескертті.

Сценарийге аса бас қатырмаған сияқты, 2018 жылғы "аңызды" негізге алған. Сол жылы олар республиканың үкіметтік әскерлері Ресейдің әуе-ғарыш күштерімен бірлесіп, химиялық қарумен әуе соққысын ұйымдастырды деп жала жаппақ болған. Бұл Ресей әскери ведомствосының құр болжамы ғана емес, куәгерлер растаған мәліметтер.

2013 жылы құрылған "Ақ каскалар" Сирия үкіметіне бағынбайтын аудандарда жұмыс істейді. Олар қақтығыс аймағында қалған бейбіт халықты құтқарамыз деп айтады. Дегенмен, Дамаск "белсенділерді" лаңкестермен байланысы бар деп айыптайды, ал Мәскеу ұйым арандатушылық жасауға дайындық жүргізіп жатқанын бірнеше мәрте мәлімдеген еді. Шын мәнінде "Ақ каскалардың" пиғылы қандай екенін Sputnik видеосынан көріңіз.

46
Кілт сөздер:
видео, Сирия, Ресей
Тақырып бойынша
Сирия әуе базасына шабуыл жасалды
Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады
Сирия үкіметінің делегация басшысы "Астана-9" кездесуі туралы айтты
Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтеді
Сирия бойынша келіссөздер тамыз айының басында Нұр-Сұлтанда өтеді
Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті
Загрузка...