АҚШ Түркияға қарсы санкциялар салуы мүмкін: Анкара қалай жауап бермек?

121
(Жаңартылды 19:26 14.12.2019)
АҚШ сенаты Түркияға қарсы санкциялар салу туралы заң жобасын жақтап дауыс берді, таяу уақытта Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынас едәуір нашарлайды

Ал Түркия америкалықтарға елдегі АҚШ әскери базаларын жабамыз деп сес көрсетті. Жанжалдың шиеленісуі неге әкелуі мүмкін?

Тағы оқыңыз: АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

121
Кілт сөздер:
санкция, Түркия, АҚШ
Тақырып бойынша
Қандастарымыз тоқтаусыз жылады: Димаштың АҚШ-тағы концерті қалай өтті – видео
АҚШ пен Ресей: қарым-қатынас қандай бағытта өзгеруде
АҚШ сенаторлары Ресейді терроризм демеушілері қатарына қосуды ұсынды
Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
Әскери сарапшы АҚШ-тағы зымыран сынағы жайлы пікір білдірді

АҚШ-тағы наразылық: Америка қалаларында не болып жатыр - видео

64
АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың қазасына байланысты наразылық акциялары басылмай тұр. Ер адам Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында мамырдың соңында полиция ұстағаннан кейін көз жұмды

Оқиға бүкіл ел бойынша наразылық тудырды. Бірнеше күннен бері жүздеген адам Миннеаполис, Нью-Йорк, Вашингтон және басқа да АҚШ-тың ірі қалаларында көшеге шығып, полицияның бассыздығына қарсы наразылық білдіріп жатыр. Көп жерде бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздік пен полициямен қақтығысқа ұласты.

Америкалықтар ойран салып, дүкендерді тонап, терезелерді сындырып, қоқыс жәшіктерін өртеп жатыр. Бірқатар штатта полицияға көмекке АҚШ-тың Ұлттық гвардиясы жіберілді, алайда олар да, резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ да наразылықты баса алмауда. Ал Барак Обаманың экс-кеңесшісі Сьюзан Райс Ресейге айып тақты. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

64
Кілт сөздер:
видео, наразылық

"Байқоңырға" 65 жыл: мерейтойға арналған онлайн-брифинг өтті

17
(Жаңартылды 11:15 02.06.2020)
Ғаламшардағы бірінші ғарыш айлағы бүгін 65 жылдығын атап өтіп жатыр. Байқоңыр қаласының қазіргі өмірі және ғарыш айлағының қалай дамитыны жайлы Роскосмостың Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников баяндайды

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы өткізген онлайн-брифингке Байқоңыр ғарыш айлығының мерейтойы қарсаңында Роскосмостың Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников қатысты.

Ол қаланың карантин аяқталғаннан кейінгі тыныс-тіршілігі мен мерейтойдың қалай өтетіні жайлы айтты.

Тағы оқыңыз: "Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

Бұған дейін коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты іс-шараларды кейінге қалдырылған болатын..

17
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

0
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

0
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер