Видео

"Балаларымды алдағым келмейді": депутаттар Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

Жазылу
Мәжіліс депутаттары Sputnik Қазақстан тілшісіне Жаңа 2020 жылды қалай қарсы алатынын айтты. Мәжілісмендердің дені тышқан жылын жақындарымен бірге дастарқан басында қарсы алуды жоспарлап отыр

Мәселен, депутат Сапар Ахметовтің отбасы бір үйде жиналып, мерекелік дастарқанда бір-бірімен алдағы жоспарларын талқылайды.

Ал Зағипа Балиеваның айтуынша, олар Жаңа жылды қара шаңырақта қарсы алып, екінші күні бір-біріне қонаққа барады екен.

Нұржан Әлтаев та Жаңа жылды елордада отбасымен бірге қарсы алмақ.

Тағы оқыңыз: Бүкіл Қазақстанды селт еткізген оқиға

Десе де Жаңа жылды тойламайтын мәжілісмендер де бар екен. Соның бірі – жас депутат Нұрлан Әлімжанов. Ол үшін Жаңа жыл – ұлыстың ұлы күні Наурыз. Ал 31 желтоқсанды халық қалаулысы күнтізбенің ауысуы деп қана қабылдайды.

Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Жаңалықтар
0