(NaN:NaN / NaNMb / )

Трамп Иранның әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады - трансляция аяқталды

300
(Жаңартылды 09:30 09.01.2020)
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тарапының Ирактағы америкалық әскери базаларға шабуыл жасауынан кейін мәлімдеме жасады

Ирактағы "Айн-аль-Асад" әскери базасындағы америкалық әскерилерге зымыран ұшырылды. Салдарынан 80 адам қаза болды.

Иранның Жоғары қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Шамхани Вашингтоннан генерал Сүлейманидің өлімі үшін кек алудың 13 сценарий бар екенін айтты. 

Америкалық базаға жасалған шабуылдан кейін Дональд Трамп шұғыл жиын өткізді. Қорғаныс министрі және мемлекеттік хатшымен бір жарым сағаттан артық сөйлесті. Алайда отырыс қорытындысы бойынша ресми мәлімдеме жасалған жоқ еді.

Генерал Сулеймани өлімі

Сулеймани жұма, 3 қаңтар күні Бағдадтың халықаралық әуежайы ауданында АҚШ-тың зымыран шабуылы кезінде қаза тапты. Бұған қоса, әуе шабулынынан ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әл-Хашд аш-Шааби Әбу Махди әл-Мухандис мерт болды.

300
Кілт сөздер:
видеомәлімдеме, Иран, Дональд Трамп
Тақырып:
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)
Тақырып бойынша
Ирандағы ұшақ апаты: әуе компаниясының басшысы жылап жіберді - видео
АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен жасалған соққыдан 80 адам қаза болды - БАҚ
АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді
Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады
АҚШ-Иран қақтығысы: Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді

АҚШ қандай соғысқа дайындалып жатыр - видео

410
АҚШ ӘӘК штабының жаңа басшысы Чарльз Браун өзінің ең алғашқы баяндамасында америкалықтардың үлкен соғысқа дайындалуы қажеттігін мәлімдеген еді

Бұл соғыс өзінің территориясында болуы да ғажап емес. Шенеуніктің пікірінше, АҚШ күш-қуаты өзімен тең келетін ірі державамен қақтығысып қалуы, ал үлкен шығындарға алып келетін текетірес ауқымы жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып түсуі мүмкін.

Сонымен, Браун қарсылас ретінде Ресей мен Қытайды атады және олардың әскери әлеуетінің уақыт өткен сайын қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Осы ретте генерал сын-қатерді мейлінше азайту үшін қорғаныс саласын қаржыландыруды кезекті мәрте өсіруді ұсынды.

410

"Тау судай ағып жатыр": Қырғызстандағы ірі көшкіннің видеосы таралып жатыр

2334
Қырғызстанның Нарын облысындағы Қара-Кече көмір кенінде ірі топырақ көшкіні салдарынан тау опырылып қалды

Желіде тараған видеодан таудан ірі көлемде сырғыма түскенін көруге болады. Көшкіннің қатты болғаны сонша, тау төбесіндегі тастар да кұлаған.  

"Сай толып кетті. Міне, Диқанға баратын жол, 37-ші шақырым. Тау судай ағып жатыр", - дейді автор.   

Көлік және жолдар министрлігі оқиғаның Диқан — Қара-Кече тасжолының 37-ші шақырымында болғанын растады.

"Таудан түскен массаның көлемі шамамен 900 мың текше метр болды. Ол электр желілерін бұзып, Қара-Кече өзенінің арнасы мен жолды жауып тастады", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде үкімет басшысының тапсырмасы бойынша апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссияның шешімімен тасжол жабылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

2334
Кілт сөздер:
Қырғызстан, тау көшкіні
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0