Bek Air ұшағының апатына қатысты комиссия мәлімдемесі - видеотрансляция

253
(Жаңартылды 15:25 10.01.2020)
Үкіметтік комиссия 10 қаңтарда Алматы түбіндегі Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себептерін айтады

Fokker-100 жолаушылар ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 07.21-де Алматы түбінде апатқа ұшырады. Бортта 98 адам болған, оның ішінде тоғыз бала және бес экипаж мүшесі. Апат салдарынан 12 қазақстандық көз жұмды. 

Бұған дейін апаттың үш себебі айтылды: экипаж қателігі, техникалық ақаулық және навигациялық қызмет жұмысы. 

253
Кілт сөздер:
ұшақ апаты, видео

Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді?

95
Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс жалғасып жатқан кезде, әлемдік қауымдастық Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келіссөздер жүргізуін талап етіп отыр

Тәуелсіздігін әлем мойындамаған Таулы Қарабақ республикасындағы ушыққан жағдайды БҰҰ, ЕО және Ресей бақылап отыр. Ал Түркия Әзербайжанды қолдайтынын ашық мәлімдеді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

95

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

150
Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып тұр. 27 қыркүйекте бұл аймақта қарулы қақтығыстар басталды. Қарсылас күштер – Әзербайжан мен Армения бірін-бірі арандатушылыққа барды деп айыптап отыр

Екі ел де қарсы тараптың шабуылға шыққанын, сондықтан, қарсы операцияға мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстар әскери және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғуда. Мұндай жанжал Қарабақта 1994 жылдан бері болмаған еді. Ашық қақтығыстар басылғанымен, шиеленіс жалғаса берді. Заңды түрде Таулы Қарабақ Әзербайжан жері, дегенмен 1991 жылы референдумның нәтижесінде республика өз тәуелсіздігін жариялады. Алайда, әлем Таулы Қарабақ Республикасының тәуелсіздігін әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Негізінен Таулы Қарабақта армяндар көп қоныстанған. Даулы аймақтағы шиеленіс туралы видеодан көріңіз.

150
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті