Видео

Дүкенде инфекция жұқтырып алмау үшін қалай қолма-қол есеп айырысу керек – видео

Жазылу
Арменияда дүкендердің бірінің кассирі сатып алынған затқа төлем қабылдау кезінде өзін қорғаудың бірегей әдісін ойлап тапты

Роликті өнеркәсіп тауарлары дүкеніне келген Арташат қаласының тұрғыны жариялады.

Видеодан кассир әйелдің ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшадан "шарбақ" жасап алғанын көруге болады. Сонымен бірге ол сатып алынған затқа төлем қабылдап, артық ақшаны қолдан  құрастырылған арнайы құрылғы – ұзын сап орнатылған қалақ арқылы қайтарып береді.  

Оқи отырыңыз: Коронавирустан кімдер жиі көз жұмады

Сатып алушылар қауіпсіздік шаралары мен кассир ойлап тапқан "жаңашылдыққа" түсіністікпен қарап, әзілдесіп жатқаны байқалады.  

Арменияда карантин кезінде азық-түлік дүкендері, сондай-ақ ең қажетті тауарларды сататын дүкендер жұмысын жалғастырып жатыр.       

Жаңалықтар
0