Экспресс-тест: COVID-19 вирусын қалай анықтайды - видео

586
(Жаңартылды 16:32 01.05.2020)
Бүгінде республика бойынша дәрігерлер, полицейлер және тағы басқа мамандар коронавирусқа тексеріліп, жаппай тест тапсырып жатыр. Себебі олар осы індетпен күрес жолында алдыңғы шепте жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де үйде отырған жоқ

Журналистер қоғамға толыққанды ақпарат жеткізу үшін блок-бекеттерге барады, көшеде жүріп, репортаж жасайды. Ондайда вирусты жұқтыру қаупі де жоқ емес. Sputnik Қазақстан тілшілері ұжым мен қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпай, өз еркімен экспресс тестілеуден өтті.

Тест тапсыратындарды қалай таңдайды

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс тестілеу "Олимп" зертханаларында жасалады. Ол үшін ресми сайтқа кіріп, анкета толтыру керек. Сол жерде жеке мәліметтерден бөлек денсаулыққа қатысты ақпарат жазылады. Эпидемиолог мамандары анкетаға қарап, аурудың белгілерін байқаса, экспресс тестілеуге шақырады.

Тест тапсыратын адамға зертхана операторы хабарласады. Ол нақты қай күні және қай жерге бару керектігін айтады. Уақытын да белгілейді. Себебі зертханада адам көп жиналмауы шарт. Сол себепті әр адамның тест тапсыратын уақыты болады. Ал ұжыммен келген кезде процедуралық кабинетке бір-бірлеп кіргізеді. Басқалар далада күтеді. Бірақ топтасып тұруға болмайды. Кезек те, арақашықтық та сақталады.

Зертханаға тек бетпердемен ғана кіргізеді. Одан кейін қолды антисептикпен өңдеп шығу керек. Сосын тіркеуге жібереді. Бірақ тіркеуде отырған маманға тым жақын тұруға болмайды. Арақашықтық – 1-1,5 метр. Сол жерде жеке куәлік те көрсетіледі. Осыдан кейін процедуралық кабинетке өтуге болады.

Тест қалай жасалады

Экспресс-тест SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусының IgG және IgM антиденелерін анықтауға арналған. Мамандардың айтуынша, вирус жұққаннан кейін 7-10 күннің ішінде IgM шығады. Бұл адамның ауруға шалдыққанын көрсетеді. Ал 2-3 аптадан кейін IgG қалыптасады. Ол адамның вируспен ауырып шыққанын көрсетеді және оған қарсы иммундық жүйенің белгісі болып саналады. Алайда бүгінде коронавирусқа қарсы тұрақты иммунинет қалыптаса ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.

Тесттің өзі пластикалық құрылғы. Онда үш жолақ бар. Олар:

  • C – адамда коронавирус жоқ және мүлдем болмаған;
  • IgG – адам коронавируспен ауырып шықты және антиденелер қалыптасты; 
  • IgM – адам коронавируспен ауырып жүр.

Құрылғыға адамның саусағынан алынған қанды тамызады. 15 минуттың ішінде тесттің алдын ала нәтижесі шығады. Ал бір-екі сағаттың ішінде толық қорындысы жасалады. Мамандар нәтижесін электронды поштаға жібере алады.

Кей кезде IgM мен IgG бірге боялып шыға келеді. Бұл дегеніміз, вирус бір-екі аптаның ішінде жұққан. Ондайда тағы тест тапсыру керек. Дегенмен, "C", яғни толығымен теріс нәтиже шықса да, IgM мен IgG қалыптастып үлгермеуі де мүмкін. 

Экспресс пен ПТР-тесттің айырмашылығы қандай

Экспресс-тест қан арқылы жасалады. Оның дәлдігі 90 проценттен аспайды. Диагнозды дәлелдеудің негізгі әдісі - полимеразалық тізбек реакция. ПТР-тест кезінде сынама мұрын қуысынан және жұтқыншақтың артқы қабырғасынан алынады.

Экспресс-тест скринингтік тест болып саналады. Оны коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар тапсырады. Олардың ішінде науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина мамандары да бар. Бұдан бөлек, созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдар, тұмау және пневмония белгілері шыққандар да тесттен өте алады.

586
Кілт сөздер:
коронавирус, видео
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1375)
Тақырып бойынша
Маман коронавирусты анықтаудың тағы бір жолын айтты
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Елжан Біртанов коронавирусқа тест тапсырды

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1048
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1048

Қазақстанның әскери дәрігерлері Ливанға жетті видео

52
Қазақстандық бір топ әскери дәрігер жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливан астанасына барды

Бейрут әуежайында дәрігерлерді Қазақстанның Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан қарулы күштері қолбасшылығының өкілдері – бригада генералы Аби Карам және Ливан сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани күтіп алды.

8 тамызда таңертең Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін 29 әскери дәрігер мен төрт аудармашы Ливанға аттанған еді.

Бейруттегі жарылыс

Төртінші тамызда Ливан әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Оқиғадан кем дегенде 150-ден астам көз жұмды.

Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Ауруханаларда зардап шеккендер саны көп болғандықтан, барлығы стационарда ем ала алмай отыр.

52
Кілт сөздер:
видео
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0