Doctor Jazz Party қайырымдылық онлайн-марафоны трансляция

79
(Жаңартылды 21:34 30.04.2020)
Халықаралық джаз күні,  30 сәуірде ауруханаларға қолдау көрсету мақсатында Doctor Jazz Party қайырымдылық онлайн марафоны басталды. Sputnik Қазақстанда видеотрансляцияны көріңіз

Мына жерде қайырымдылық жасауға болады. Марафонды "Россия сегодня" ХАА, "Красный квадрат" медиа тобы және Koktebel Jazz Party халықаралық джаз фестивалі Ресей тікелей инвестициялар қорының, сонымен қатар COVID-19 коронавирусымен күрес жөніндегі альянстың қолдауымен ұйымдастырды.

Тағы 83 адам індетке шалдықты: науқастардың саны 3,3 мыңнан асып кетті

Марафонға қатысушылардың тізімін Игорь Бутманның квартеті бастады.

Сонымен қатар, қатысушылардың қатарына виртуоз Даниил Крамер мен контрабасист Сергей Корчагиннің дуэті, "Грэмми" сыйлығының бірнеше дүркін жеңімпазы Рэнди Брекер, Лариса Долина және Мариам Мерабова, Юлия Чичерина, саксофонист, Koktebel Jazz Party фестивалінің  арт-директоры Сергей Головня және басқалар бар.

79

Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг

23
(Жаңартылды 17:06 28.05.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте қазақстандықтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қызметтерді одан әрі жаңарту және автоматтандыру жоспарлары, пошта бөлімшелері карантин кезінде келушілерді қалай қабылдағаны, қауіпсіздік пен қызметті жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалғаны жайлы айтты.

Карантин кезінде "Қазпошта" АҚ жұмысын жалғастырды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек төлеу үшін виртуалды карталар шығарды.

Өңірлерде жедел әрекет ету штабы құрылды, көптеген қызмет онлайнға ауыстырылды, байланыссыз жеткізу әдістері ұйымдастырылды.  

23
Кілт сөздер:
онлайн режим, "Қазпошта"

Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан ұлттық кеңестің отырысы видеотрансляция

662
(Жаңартылды 11:29 27.05.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын онлайн форматта өткізіп жатыр. Толығырақ тікелей эфирден көріңіздер

Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин бұған дейін хабарлағандай, ұлттық кеңес мүшелері Қазақстандағы адам капиталын дамыту және білім беру мәселелерін талқылайды.

"Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, басқа аймақтардан қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы отырыс адам капиталын дамытуға арналады. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту мәселелері қаралады", - деп жазды Қарин Telegram каналында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қызметіне кіріскеннен кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастама көтерді. Маусымда кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді

Тоқаев атап өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог құру үшін құрылды.

Кеңестің бірінші отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте, екінші отырысы 20 желтоқсанда өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылау.

Ұлттық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен саясаттанушылар кірді. Кеңесті мемлекет басшысы басқарады. 

662
Кілт сөздер:
білім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді
"Билік тізгінін соларға тапсырамыз": Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді
Қазақстанда парламенттік оппозиция институты пайда болады
Аз ба, көп пе: Тоқаев жарты жылда не тындырып үлгерді?
"Мен ондай адам емеспін": Арман Шораев ұлттық кеңестен неге кеткенін айтты
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

0
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

0
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді