Екі айға жуық үйде отырған астаналықтар шаштаразға лап қойды - видео

390
Екі айға жуық уақыттан бері қазақстандықтар төтенше жағдай және карантин режимінде өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде көптеген нысанның жұмысы тоқтады, оның ішінде сұлулық салондары да бар

Төртінші мамырдан бастап елде карантин режимі жеңілдетілді, шаштараздар тұрғындарды алдын ала жазылу бойынша қабылдай бастады.

Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Сұлтан қаласындағы сұлулық салондарының бірінде болып, карантин кезінде елорда тұрғындарының сырт келбеті қалай өзгергенін көріп қайтты.

Астаналықтар салондарға карантин режимі жеңілдетіледі деген жаңалықты ести салысымен жазылған. Қалада тек алдын ала жазылу арқылы шаш қидыруға болады.

Салонға келушілер кіреберісте қолды антисептикпен тазалайды, медициналық бетперде тағады. Бір залда тек бір клиент болуы керек. Жазылған уақыттан бұрын келгендер салонға кірмей, сыртта күтеді.

Бағдарламашы болып жұмыс істейтін астаналық Данияр наурыздың ортасынан бері шаштаразда болмаған. Ер адам қашықтан жұмыс істеп жатыр, сондықтан шашының өсіп кеткені қатты ыңғайсыздық тудырмаған. Алайда салондардың ашылғанын естіп, шашын ретке келтіремін деп шешкен.

"Шаштың өскені ыңғайсыздық тудырады, сол себепті бүгін келдім. Әдетте бір немесе бір жарым айда шаш қидырып тұрамын. Карантин кезінде эксперимент жасамадым, бұл тұрғыда мен тұрақты адаммын", - деді астана тұрғыны.

MOJO салонының ерлер бойынша шебері Оксана Десятова екі ай бос отырудың оңай болмағанын атап өтті. Тәжірибелі шаштаразды көндіріп көрмек болған клиенттер табылған, ол қатаң түрде оқшаулау режимін ұстанғанын айтты.

Оның айтуынша, бірінші күннен бастап салонға келушілердің қарасы қалың. Шаш қидырғысы келетіндер өте көп.

"Қазір үлкен дүрлікпе болуы мүмкін, себебі адамдардың шашы қатты өсіп кетті", - деді ол.

Шебердің айтуынша, салонға қоңырау шалатындар да көп. Барлық адамға орын жетпейді, сол себепті кей клиент біраз күте тұруы қажет.

390
Кілт сөздер:
шаштараз, карантин, видео
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
Видео жылдам тарап кетті: карантин кезіндегі тікелей эфир қызу талқыланып жатыр
Онлайн-ауызашар: карантин кезінде мешіттер қалай жұмыс істеп жатыр - видео

АҚШ ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарттан шығуға дайындалып жатыр Захарова

17
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттан шығуға дайындалып жатқанын мәлімдеді

Захарова, сондай-ақ, америкалық тарап іс-қимыл алгоритмін бірнеше мәрте пысықтағанын атап өтті: "Алдымен, басқалардың атына ойдан құрастырылған айыптаулар айтылады, кейін әкімшілік нақты қадамдар жасайды".

Мария Захарованың айтуынша, осылайша қоғамдық пікір АҚШ билігінің шешім қабылдауына дайындалады. Еске сала кетсек, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа 1996 жылы қол қойылған болатын. Бірақ, Ресейден айырмашылығы, бірқатар мемлекет, соның ішінде АҚШ және ҚХР шартты ратификациялаған жоқ.

Тағы оқыңыз: Орталық Азия мен Кавказдағы биозертханалар: көзделген мақсат пен мүдде қандай?

Ядролық қаруы бар мемлекеттер өздеріне сынақ жүргізбеу туралы міндеттеме алды.

Бұған дейін Washington Post газеті АҚШ президентінің әкімшілігінде 1992 жылдан бергі алғашқы ядролық сынақ өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын хабарлаған еді.

17

Лавров Батысты коронавирус індетін өз мақсатына пайдаланғаны үшін сынады видео

33
Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров батыс елдерінің коронавирус пандемиясына көзқарасын сынға алды

Сыртқы істер министрі қытайлық Global Times газетіне арналған мақалада жазғандай, олар өздері қырын қарайтын үкіметтерді жазалау үшін жағдайды пайдаланып қалуға тырысуда, індеттен зардап шеккен елдерге Ресейден гуманитарлық көмек алуға тыйым салып отыр.

Бірақ Батыстың өзі коронавируспен күрес мәселесінде ізгілік қағидаттарына сүйенуге асықпайды.

Батыс елдерінің екіжақты стандарттары туралы толығырақ – біздің видеода.

33
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей
Жолдағы белгі

Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды

5
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды, анықтау жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Елордада жеңіл көлік жүргізушісі жарық бағанын құлатып, аялдама кешеніне соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 30 мамыр таңертең Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болды.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанын құлатып, кейін аялдамаға соғылды", - деп мәлімдеді полициядан.

Абырой болғанда, аялдама дәл сол сәтте бос болған, зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Polisia.kz
Кроссовер аялдамаға соғылды

Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Жұма, 29 мамырда, Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан еді.

Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "МАН" маркалы бағдарлы автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус салонындағы 13 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның сүйегі сынған, қалғандары түрлі дәрежеде жарақат алды.

5
Кілт сөздер:
аялдама, жол апаты, Нұр-Сұлтан