"Atamnyn Amanaty": Ресей елшісі қазақстандық челленджге қатысты

214
Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин жалпықазақстандық "Atamnyn Amanaty" челленджіне қатысып, Ұлы Отан соғысында болған туыстары туралы айтып берді

"Еліміздегі көптеген отбасылар секілді менің де туған-туысқандарым соғыс жылдары қан майданға аттанды. Олардың ішінде әкемнің немере ағасы Владимир Александрович Бородавкин және немере ағаларым Дмитрий Аркадьевич Маишев пен Евгений Аркадьевич Маишев", - деді Алексей Бородавкин.

Оның айтуынша, Владимир Бородавкин 1941 жылдың желтоқсаны - 1942 жылдың басында Қырым түбегіндегі операцияға қатысқан. Сол жерде ауыр жараланып, кейін елге қайтарылады.

Алексей Бородавкиннің немере ағалары соғыстың соңына дейін әскер қатарында болған. Олардың бірі - аға сержант-зеңбірекші, екіншісі - көлік жүргізушісі.

"Өкінішке қарай, олар қазір жоқ, біздің отбасы оларды құрмет тұтып, ешқашан ұмытпайды", - деп қосты Бородавкин.

Сөз соңында Қазақстандағы Ресей елшісі халықты Жеңіс күнімен құттықтады.

214
(4:48 / 56.63Mb / )

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қалай өтіп жатыр трансляция аяқталды

98
(Жаңартылды 15:32 19.05.2020)
Кестеге сәйкес саммит 19 мамырда Минскіде өтеді деп жоспарланған, дегенмен COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар ел өз шекарасын жауып, карантин шараларын қабылдады

Бұған дейін Минскіде ЕАЭО лидерлерінің келіссөздерін бейнебайланыс арқылы өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын, алайда Беларусь басшысы көзбе-көз кездесуді қолдайтынын мәлімдеді.

Лукашенко сонымен қатар, ЕАЭО басшыларының жеке кездесуін өткізу үшін эпидемиологиялық жағдайға байланысты саммит кейінге қалдырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше. 2020 жылы ЕАЭО органдарына Беларусь төрағалық етеді.  

98

Нұр-Сұлтанда мешіттер мен дәмханалар ашылды видео

279
Елордада мешіттер мен шағын тамақтану орындары ашылды. Алайда барлық жерде қатаң санитарлық шаралар сақталады

Sputnik Қазақстан тілшілері мешіттер мен дәмханаларды аралап, карантиндік жағдайда жұмыс жасау тәртібімен танысып қайтты. 

Үш құлшылыққа рұқсат

"Әзірет Сұлтан" мешітіне бетпердесіз кіруге болмайды. Бұдан бөлек, имамдар қолғап киіп келуге кеңес береді. Ал мешіттің өзінде әзірше тек үш құлшылыққа ғана рұқсат етілген. Бас имам Ерболат Нұрылдаұлының айтуынша, біріншіден, намаз оқуға болады. Бірақ жеке құлшышыққа ғана рұқсат бар.

"Адам жеке құлшылығын 15 минуттың ішінде орындап шығып кетуі керек. Жамағатпен құлшылық жасалынбайды, яғни тек жеке құлшылыққа ғана рұқсат. Екінші құлшылықтың түрі - құран оқыту, адамдар арнайы бөлмеге кіріп, ата-бабаларына құран бағыштай алады. Ал үшінші құлшылық – некелесу. Некеге рұқсат бар, бірақ жас жұбайлар екі куәгермен ғана келуі керек", - дейді мешіттің бас имамы.

Құран оқытуға арналған бөлмеге 10 адамнан ғана кіргізеді. Орындықтардың арасын да ашып қойған. Келген адам бірінші бөлмеге сыймаса, қосымша бөлмеге баруға болады. Онда да имам құран оқиды.

Жамағаттың қуанышында шек жоқ

Мешіттің жұмыс уақыты белгіленген. Таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін келуге болады. Бүгін таң атқаннан бері мешітке жасы да, кәрісі де келіп жатыр. Араларында 80-90 жастағы қариялар да аз емес.

"Мешітке садақа берейін, әруақтарға құран оқытайын деп келдім. Құран оқыттым, садақамды бердім. Соған ризамын", - дейді қала тұрғыны Күлзада апа.

Ал Алмас Пернебеков жамағатпен бірге намаз оқуды асыға күтіп жүр.

"Қуанышымызда шек жоқ, жалпы өзіміздің жұмысымызда да он-он бес шақты жамағатымыз бар. Қуанып жатырмыз. Мешіттің аты мешіт қой, Алланың үйі. Мешітке келіп, үлкен жамағат болып оқығанға не жетсін", - дейді Пернебеков.

"Карантин бітсе, бір ай үйге бармаймыз"

Бүгіннен бастап астанада шағын дәмханалар мен мейрамханалар да ашылды. Ондай қоғамдық тамақтану орындарының сыйымдылығы 50 адамдан аспауы қажет. Ал бір уақытта тек 30 адамға ғана отыруға рұқсат етіледі. Астаналықтар кофеханалардың ашылғанына қунып жүр. 

"Бүгін бір тойға келгендей болып отырмыз. Үйден кәдімгідей қобалжып шықтық. Шынын айтсақ, үйден шаршап кеттік, тамақ жасаудан шаршап кеттік. Қалада тұрғаннан кейін бір жерге кіріп, кофе ішіп тұруға үйренгенбіз ғой. Қуаныштымыз. Өзіміз жасамай, біреудің қолынан ішіп-жеп, қонақ болып деген сияқты. Үйге кеткіміз келмей отыр. "Карантин бітсе, бір ай үйге бармаймыз" деген болайын деп тұр ғой", - дейді қала тұрғындарының бірі. 

Ал қала әкімдігі тиісті санитарлық талаптар сақталмаса, қатаң карантин енгізілетіні туралы ескертті.

279
Кілт сөздер:
дәмхана, видео, мешіт
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Ресей әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны жағынан екінші орынға шықты
Алматыда 25 мамырдан бастап қандай сауда орталықтары жұмыс істейді
Министрлік үш өңірде коронавирус жұқтырғандар неге артып жатқанын түсіндірді
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Архивтегі фото

Биыл елордада екі жаңа көпір ашылады видео

0
Жыл соңына дейін Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылында және Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер жүретін екі көпірдің құрылысы аяқталады.  

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, бұл қаладағы көлік кептелісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен танысты. Көпір құрылысы биыл аяқталады.

Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, "Мыңжылдық" аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылады 

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды. Биыл Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салу жоспарланып отыр.   

0
Кілт сөздер:
Есіл өзені