(NaN:NaN / NaNMb / )

"Мәңгілік даңқ" акциясы онлайн режимінде өтіп жатыр

83
(Жаңартылды 12:13 09.05.2020)
Коронавирус пандемиясына байланысты, көптеген елде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде "Мәңгілік даңқ" акциясын ұйымдастырушылар одан бас тартуға мәжбүр болды

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы жақын шетелдердегі ресми ақпараттық серіктес болды. Жобаға "Сбербанк" ЖАҚ техникалық қолдау көрсетті.

Онлайн-шерудің трансляциясын Ресейдің мәңгілік даңқы және Халықаралық мәңгілік даң порталынан көруге болады. Ресейде медиа экрандарда және Мәскеу метросында трансляциялау жоспарланған. Бірқатар телеарна оны толығымен немесе уақытша тікелей эфир форматында көрсетеді. Шеруді ВКонтакте және Одноклассники әлеуметтік желілерінен де тамашалауға мүмкіндік бар.

Трансляцияға көптеген интернет алаңдар да қосылады – " Okko", More.tv, Ivi.ru интернет-кинотеатрлары, РИА Новости және Sputnik халықаралық ақпарат сайттары.

83
(4:48 / 56.63Mb / )

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қалай өтіп жатыр трансляция аяқталды

98
(Жаңартылды 15:32 19.05.2020)
Кестеге сәйкес саммит 19 мамырда Минскіде өтеді деп жоспарланған, дегенмен COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар ел өз шекарасын жауып, карантин шараларын қабылдады

Бұған дейін Минскіде ЕАЭО лидерлерінің келіссөздерін бейнебайланыс арқылы өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын, алайда Беларусь басшысы көзбе-көз кездесуді қолдайтынын мәлімдеді.

Лукашенко сонымен қатар, ЕАЭО басшыларының жеке кездесуін өткізу үшін эпидемиологиялық жағдайға байланысты саммит кейінге қалдырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше. 2020 жылы ЕАЭО органдарына Беларусь төрағалық етеді.  

98

Нұр-Сұлтанда мешіттер мен дәмханалар ашылды видео

280
Елордада мешіттер мен шағын тамақтану орындары ашылды. Алайда барлық жерде қатаң санитарлық шаралар сақталады

Sputnik Қазақстан тілшілері мешіттер мен дәмханаларды аралап, карантиндік жағдайда жұмыс жасау тәртібімен танысып қайтты. 

Үш құлшылыққа рұқсат

"Әзірет Сұлтан" мешітіне бетпердесіз кіруге болмайды. Бұдан бөлек, имамдар қолғап киіп келуге кеңес береді. Ал мешіттің өзінде әзірше тек үш құлшылыққа ғана рұқсат етілген. Бас имам Ерболат Нұрылдаұлының айтуынша, біріншіден, намаз оқуға болады. Бірақ жеке құлшышыққа ғана рұқсат бар.

"Адам жеке құлшылығын 15 минуттың ішінде орындап шығып кетуі керек. Жамағатпен құлшылық жасалынбайды, яғни тек жеке құлшылыққа ғана рұқсат. Екінші құлшылықтың түрі - құран оқыту, адамдар арнайы бөлмеге кіріп, ата-бабаларына құран бағыштай алады. Ал үшінші құлшылық – некелесу. Некеге рұқсат бар, бірақ жас жұбайлар екі куәгермен ғана келуі керек", - дейді мешіттің бас имамы.

Құран оқытуға арналған бөлмеге 10 адамнан ғана кіргізеді. Орындықтардың арасын да ашып қойған. Келген адам бірінші бөлмеге сыймаса, қосымша бөлмеге баруға болады. Онда да имам құран оқиды.

Жамағаттың қуанышында шек жоқ

Мешіттің жұмыс уақыты белгіленген. Таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін келуге болады. Бүгін таң атқаннан бері мешітке жасы да, кәрісі де келіп жатыр. Араларында 80-90 жастағы қариялар да аз емес.

"Мешітке садақа берейін, әруақтарға құран оқытайын деп келдім. Құран оқыттым, садақамды бердім. Соған ризамын", - дейді қала тұрғыны Күлзада апа.

Ал Алмас Пернебеков жамағатпен бірге намаз оқуды асыға күтіп жүр.

"Қуанышымызда шек жоқ, жалпы өзіміздің жұмысымызда да он-он бес шақты жамағатымыз бар. Қуанып жатырмыз. Мешіттің аты мешіт қой, Алланың үйі. Мешітке келіп, үлкен жамағат болып оқығанға не жетсін", - дейді Пернебеков.

"Карантин бітсе, бір ай үйге бармаймыз"

Бүгіннен бастап астанада шағын дәмханалар мен мейрамханалар да ашылды. Ондай қоғамдық тамақтану орындарының сыйымдылығы 50 адамдан аспауы қажет. Ал бір уақытта тек 30 адамға ғана отыруға рұқсат етіледі. Астаналықтар кофеханалардың ашылғанына қунып жүр. 

"Бүгін бір тойға келгендей болып отырмыз. Үйден кәдімгідей қобалжып шықтық. Шынын айтсақ, үйден шаршап кеттік, тамақ жасаудан шаршап кеттік. Қалада тұрғаннан кейін бір жерге кіріп, кофе ішіп тұруға үйренгенбіз ғой. Қуаныштымыз. Өзіміз жасамай, біреудің қолынан ішіп-жеп, қонақ болып деген сияқты. Үйге кеткіміз келмей отыр. "Карантин бітсе, бір ай үйге бармаймыз" деген болайын деп тұр ғой", - дейді қала тұрғындарының бірі. 

Ал қала әкімдігі тиісті санитарлық талаптар сақталмаса, қатаң карантин енгізілетіні туралы ескертті.

280
Кілт сөздер:
дәмхана, видео, мешіт
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Ресей әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны жағынан екінші орынға шықты
Алматыда 25 мамырдан бастап қандай сауда орталықтары жұмыс істейді
Министрлік үш өңірде коронавирус жұқтырғандар неге артып жатқанын түсіндірді
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Архивтегі фото

COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды

3
Ресейлік вирусолог коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қандай дәрілерді қолдануға болмайтыны айтты

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак коронавирус инфекциясынан өз бетінше тұмауға қарсы дәрілермен емделетін науқастардың қателігін атады.

Дәрігер коронавирус инфекциясы болған жағдайда, қабынуға қарсы стероидты емес танымал ибупрофен, аспирин, вольтарен, виклофенак және напроксен секілді препараттардың зиянды екенін айтты.

"Француз және италиян зерттеушілерінің тәжірибесі бұл препараттардың көмектеспейтінін көрсетті, тіпті бұл дәрілер ағзаны вирус қабылдағыш етеді. Сол себепті аспирин ішуге болмайды", - деп түсіндірді маман "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында.

Аталған дәрілер инфекция жұқтыруға жағдай жасайды. Ол өкпеге оңай еніп, кейіннен пневмонияның қабынуы мен альвеолдың зақымдануына әкеледі.

Оның айтуынша, Батыс дәрігерлері тек парацетамол ішуді ұсынады.

"Шын мәнінде, парацетамолдан да бас тарту қажет. Оның әсері соңына дейін зерттелмеген және салдарының қандай болатыны белгісіз", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Сонымен қатар маман ауруды басатын дәрілерді қолданбауды ұсынды, себебі олар тыныс алуды қиындатып, әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін.

Маманның айтуынша, егер дене қызуы жоғары болса, өз бетінше ем қабылдамай, бірден дәрігерге қаралу қажет.

3
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, инфекция
Тақырып бойынша
Маман коронавирустың бұған дейін айтылмаған қаупін атады
Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты