Қазақстанда пойыздар қатынай бастады - видео

1363
Карантин жағдайында вокзалға тек билеті бар жолаушыларды ғана кіргізеді. Міндетті түрде бетперде тағу керек. Автоматтан 250 теңгеге сатып алуға болады

1 маусымнан бастап Қазақстанда ішкі теміржол қатынасы ашылды. Бірінші кезеңде 54 пойыз шығарылады. Бүгін Нұр-Сұлтаннан жолаушылардың алғашқы легі оңтүстікке аттанды. Одан кейін шығысқа тағы бір пойыз бет алды. Sputnik Қазақстан тілшілері "Нұрлы жол" вокзалына болып, карантиндік жағдайда жолаушыларды тасымалдау ережесімен танысып қайтты.

37 градустан жоғары емес

Карантин жағдайында вокзалға тек билеті бар жолаушыларды ғана кіргізеді. Міндетті түрде бетперде тағу керек. Ұмытқан дағдайда автоматтан 250 теңгеге сатып алуға тура келеді.

Шығарып салушылар мен күтіп алушыларды вокзал ғимаратына кіргізбейді. Ауыр жүктер болса, вокзал қызметкерлері көмектеседі. Вокзалға кіргенде адамның дене қызуын өлшейді. Температура 37 градустан жоғары болса, бірден медициналық тексеріске жібереді. 

"Егер келген жолаушының температурасы 37 градустан жоғары болса, оны бірден карантиндік бұрышқа жібереді. Сол жерде медицина қызметкерлері тексереді. Ал дене қызуы 37 градустан төмен, аурудың белгілері жоқ болса, онда ол жолаушыларға вокзал кешеніне кіруге рұқсат", - дейді вокзал директорының көмекшісі Бақытжан Әбдікәрім.

Адамның дене қызуы қатты ыстықтан да көтерілуі мүмкін. Сондықтан медицина қызметкерлері оны жан-жақты тексереді. Коронавирус табылса, ауруханаға жеткізеді. Ал билеттің бағасы заң бойынша қайтарылады.

Вагонда бір жерде отыру керек 

Вагонның ішінде ары-бері жүруге болмайды. Келесі вагонға да өтуге рұқсат жоқ. Әрбір жолаушы өз орнында ғана отыруы қажет. Мейрамхана вагондары жұмыс істемейді. Алайда станцияда түсіп, тамақ алуға рұқсат бар. Дегенмен, "Жолаушылар тасымалы" АҚ өзімен бірге тамақты көбірек алуға кеңес беріп отыр. 

Вагонда адамнан коронавирус табылса, оны бірден жолсеріктің купесіне оқшаулап қояды.

"Егер бір адамнан коронавирус инфекциясы табылатын болса, оны жеке купеде оқшаулайды. Содан кейін жолсерік машинистке және пойыздың басшылығына хабар береді. Олар өз кезегінде алда тұрған станциядағы диспетчерге хабарлама береді. Келесі станцияда науқасты медицина қызметкерлері алып кетеді", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали. 

Оның айтуынша, жолаушылар вагонға жайғасқаннан кейін сауалнама жүргізіледі. Әрбір адам өзінің аты-жөнін, қайда бара жатқанын және денсаулығына қатысты мәліметтерді жазады. Коронавирус инфекциясы табылса, вагонды карантинге жаппайды.

Пойыздар үш кезеңмен карантиннен шығарылады 

Бүгіннен бастап 54 пойыз қатынайды. Олардың бесеуі – "Тальго", 31 – стандарт,  18 – қала маңы. Екінші кезеңде, яғни 10 маусымнан бастап тағы 39 пойыз қосылады. Алтауы – "Тальго", 14 – стандарт, 19 – қала маңы. Соның ішіне Алакөлге қатынайтын бағыттар да кіреді. 

Ал үшінші кезеңде мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеуінің алынуына қарай 15 пойыз жүре бастайды деп жоспарланған. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қытайға қатынайтын пойыздар бар.

1363
Кілт сөздер:
видео, жол жүру ережесі, пойыз
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда блок бекеттер алынды – видео
Вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс
Пойыз жолаушыларына жолға тамақ алуға рұқсат етіледі – Байғабылов
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Алакөлге пойыз қай кезде қатынай бастайды

БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

12
БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына 75 жыл толды. Қатысушы елдер ұйымға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Себебі, бүгінде әлем басқа, ал құрылым ескірген. Алайда, кез келген өзгерістің соңы жақсылыққа әкелмейтіні де белгілі.

12

Студенттер әскери жиын пунктіне лап берді видео

121
Нұр-Сұлтанның әскери жиын пунктінде бірнеше күннен бері студенттердің кезегі толастамай тұр. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, әскери кафердраға түскісі келеді

Бас кезінде дәрігерлер 25 қыркүйекке дейін ғана қабылдайды деген. Содан барлығы бір уақытта әскери жиын пунктіне лап берді. Кіреберісте санитарлық талаптар сақталмайды. Арақашықтықты көрсететін белгілер де көрінбейді. Sputnik Қазақстан тілшілері сол жерге барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан, әскери жиын пунктінде жиналған студент жастар көп. Үсті-басы малмандай су болса да, медициналық тексерістен тездетіп өтуге тырысып жүр. Себебі осы аптаның соңында комиссияның жұмысы аяқталады деген ақпарат болған. Ал оның мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылатынын бүгін ғана айтыпты. Содан адам кезегі азайса да, тексерістен өтемін деушілер әлі де көп. 

"Мысалы, мен үш күндей өте алмай жүрдім. Басқалар да солай. Содан адамдардың агрессиясы басым. Өйткені жасалған кезекке сенбейді. Әскерилер келеді де, бәрін жазып алады, бірақ ол кезек ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Содан адамдар күтіп тұруға мәжбүр. Бүгін 10-ына дейін ұзартылғанын айтты. Осыдан кейін адамдар да азайды. Әйтпесе, бұған дейін бұл жерде 200 адамға дейін жиналып тұратын", - дейді студенттер.

Ал әскерилердің сөзіне қарағанда, сыртта санитарлық талаптар сақталмаса да, іште барлық шара ережеге сай орындалады.

"Мына жерде кафедраға медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Ішінде арақашықтығын сақтап жатырмыз. 10-ына дейін ұзартты. Бас кезінде 25 қыркүйекке дейін болған, арақашықтықты сақтау жағынан үлгермей қалдық. Сол себепті 10 қазанға дейін ұзартты", - дейді олар.

121
Кілт сөздер:
әскери, студенттер
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео