Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысты - видео

382
2020 жылдың сегізінші маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды ресми түрде ауысты

Бұрынғы TSE коды 1961 жылы Целиноград қаласына берілген еді.

Енді әуе билеттерінде, жүк биркалары мен ақпараттық таблоларда жаңа NAQ коды жазылады. 

Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Жылдар бойы Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді

 

382
Кілт сөздер:
Назарбаев, видео, әуежай

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

15
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

15

БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

40
БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына 75 жыл толды. Қатысушы елдер ұйымға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Себебі, бүгінде әлем басқа, ал құрылым ескірген. Алайда, кез келген өзгерістің соңы жақсылыққа әкелмейтіні де белгілі.

40
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

0
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

0