Видео

АҚШ-тағы наразылық: тағы бір афроамерикалық полиция қолынан мерт болды

Жазылу
АҚШ-та наразылықтың жаңа толқыны бұл жолы Атлантада басталды. Полиция әрекетінің салдарынан афроамерикалық Рэйшард Брукс қаза болғаннан кейін ондаған адам көшеге шықты

Полиция қызметкерлері офицерлердің бірінің электрошокерін тартып алып, қаша жөнелген ер адамды ұстау кезінде оны жаралаған. Кейін Брукс ауруханада көз жұмды. Наразылық білдірушілер қала орталығындағы тас жолды жауып, оқиға болған Wendy's мейрамханасын өртеп жіберді. АҚШ-та бірнеше аптадан бері наразылықтар тоқтар емес. Алғашқы митингтер афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған еді. Шерулер АҚШ пен әлемнің көптеген ірі қаласында өтті. Кей жерде ол тәртіпсіздік пен полициямен қақтығысқа ұласты.

Жаңалықтар
0