Тоқаев пен бұрынғы КСРО елдерінің әскерилері Жеңіс парадына қатысты - видео

393
Посткеңестік кеңістік елдерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысты

Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан және Өзбекстанның парадтық топтары, Беларусь қарулы күштерінің құрметті қарауыл ротасы және Молдова Ұлттық армиясының құрметті қарауыл ротасы, сондай-ақ Тәжікстанның қорғаныс министрлігі әскери институтының түлектері Қызыл алаңмен жүріп өтті. Барлығы Жеңіс парадына 15 мыңға жуық әскери қызметші, екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруын қабыл алып, Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты.

Ұлы Отан соғысы Қазақстан президентінің отбасы тарихында елеулі орын алады. Себебі Тоқаевтің әкесі майданда болған. Кемел Тоқаев 1942 жылы соғысқа аттанып, 1944 жылдың ортасында Польша аумағында ауыр жарақат алды.

Шеруден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев басқа мемлекет көшбасшыларымен бірге "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

393
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, видео, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті - видео
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті

Дәріні ұшақпен қалай тасымалдау керек - видео

30
Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кейбір медициналық препараттарды табу қиын. Алыпсатарлар да көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik,Арман Асқар. Туған-туысқанына көмектесеміз деген қарапайым адамдар бір қаладан тауып алған дәріні басқа қалаға беріп жіберуге тырысады. Әуежайға барып, жолаушыларға жалынады. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда болып, дәрі-дәрмекті тасымалдау тәртібін біліп қайтты. Жолаушылардың өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қатысты ойын да сұрады. 

Ұшаққа қалай кіргізеді

Әуежайдың тексеру қызметінің бастығы Серікбол Сәдуақасовтың айтуынша, әрбір жолаушы тек өзіне қажетті дәріні ғана ұстап жүре алады. Өзге біреудің медициналық препараттарын тасымалдауға болмайды. Жолжүкте артық дәрілер анықталса, әуежай қызметкерлері хаттама толтырып, препараттарды қоймаға апарып қояды. Оны хаттаманың көшірмесімен 30 күннің ішінде алып кетуге мүмкіндік бар.  

"Негізі, медициналық препараттарды аз мөлшерде ғана алып жүруге болады. Ол адамның қолжүгінде болуы керек және нақтылануы керек. Яғни, дәрігердің нұсқауы болуы шарт. Рецептпен бірге ұстайды. Сосын "обезболивающий" дейміз ғой. Сондай препараттар аз мөлшерде, бір-екі таблетканы өткізуге болады", - дейді Сәдуақасов. 

Жеткізіп беруге дайынбыз

Жолаушылардың көбісі ережені білмейді. Бірақ өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қарсы емес.

"Адамдар ауырып жатыр. Оларға көмектесу керек. Ал бір жағынан қарағанда, қазір әр түрлі махинациялар жасап жатыр ғой. Дәрілерді қымбатқа сатуда. Бәлкім, контрабанда жасайтын шығар. Оны білмейміз ғой. Негізі, көмектескен дұрыс. Бірақ оны адамдар емес, мемлекет істеу керек қой", - дейді олар.

Сұхбат берген жолаушылардың басым бөлігі дәріні жеткізіп беруге келісті. Дегенмен, шұғыл пошта қызметін қолдануға кеңес бергендер де болды.

Дәрі-дәрмек тапшылығы қашан шешіледі

Халыққа үндеу жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бүгінде медициналық препараттарды сертификаттау, жеткізу және сатып алу  жеңілдетілді. Осының арқасында қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазірдің өзінде стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке көп. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар түсіп жатыр. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы жеткізілді. Осы аптаның аяғына дейін тағы 900 мың қаптаманы әкеледі. Ал антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. 

Мемлекет басшысы халықты дүрбелеңге салынып, дәріні артығымен алмауға үндеді. Себебі одан тапшылық басталады.

30
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, дәрі, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды не үшін жазалағысы келеді?

63
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды БҰҰ-дағы вето құқығын асыра пайдаланғаны үшін жазалау керек деп санайды

Таяуда екі ел Сирияға гуманитарлық көмек жіберу туралы қарарды бұғаттады. Бельгия мен Германия Түркия мен Сирия шекарасында екі бақылау-өткізу пунктін қалдыруды ұсынды, алайда Мәскеу мен Бейжің бұған келіскен жоқ. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

63