Путин Керчьте жаңа десанттық кемелердің құрылысын бастап берді видео

88
Путин Керчьте Ресей Әскери-теңіз флотының екі десанттық кемесінің құрылысын бастап берді. Тікұшақ таситын жаңа кемелердің қалай аталатынын видеодан көріңіз

Тікұшақ таситын кемелердің ұзындығы 199 метр, ал су сыйымдылығы 22 мың тоннаны құрайды. Мұндай параметрлермен олар Францияның "Мистралінен" асып түседі: бортқа 20 тікұшаққа дейін сыйдыра алады.

Тағы оқыңыз: Ресей флоты жаңа кемелермен толығады

Соңғы сегіз жылда ӘТФ жауынгерлік құрамына 200-ден астам заманауи корабль мен кеме кірді. 2027 жылға қарай олардың Ресей флотындағы үлесі 70 проценттен асуы тиіс.

Қырымда құрылысы басталған кемелер қалай аталатынын және жергілікті зауыт жұмысшылары Путиннен не жайлы сұрағанын біздің видеодан көріңіздер.

88
Кілт сөздер:
кеме, Ресей, Владимир Путин

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады

35
(Жаңартылды 18:23 12.08.2020)
Владимир Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады. Ол "Спутник V" деп аталды

Ресей президенті препарат тиімді және тұрақты иммундық жүйені қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Путин өзінің бір қызы экспериментке қатысып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырғанын жеткізді. 

35
Кілт сөздер:
Владимир Путин, коронавирус

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1429
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1429
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

0
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео