Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағы аяқталды видео

510
COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаның сынақтары аяқталды.  Жаппай өндіріс қашан басталады? Толық ақпарат – біздің видеода

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның сынағына қатысқан еріктілер үйіне қайтты. Сынақ аяқталғанымен, нәтижелері туралы айтуға әлі ерте.

Еріктілер қорытынды тексеріс үшін бірнеше апта бойы жатқан Бурденко госпиталіне қайта шақырылады.

Тағы оқыңыз: COVID-19-ға қарсы Ресей вакцинасының Қазақстанға қашан жеткізілетіні айтылды

Анализ қорытындылары Гамалея атындағы зерттеу орталығына жіберіледі. Вирусқа қарсы препарат дәл сол жерде әзірленген болатын. Тек осыдан кейін ғана денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

Вакцина жаппай қашан және қайда шығарылатынын мына видеодан көріңіздер.

510
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей

Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады

46
(Жаңартылды 18:23 12.08.2020)
Владимир Путин коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина тіркелгенін жариялады. Ол "Спутник V" деп аталды

Ресей президенті препарат тиімді және тұрақты иммундық жүйені қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Путин өзінің бір қызы экспериментке қатысып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырғанын жеткізді. 

46
Кілт сөздер:
Владимир Путин, коронавирус

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

1442
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

1442
Бала, аривтегі фото

Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты

21
Қазақстанда кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдері қазақ тіліне аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал шетелдік мультарналарды қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы вице-министр Болат Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен руханияттың өзегі – тіл мәселесіне қатысты бастамалар қарастырылып жатыр.

"Мәселен, елімізде кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Әрине, кез келген тілдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты танымал шетелдік мультарналардан бастау керек деген ұсыныс бар", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, осы іспетті бастамалардың барлығы қоғамдық талқылаудан өтеді. Сол кезде зиялы қауым, сарапшылар мен ата-аналардың пікірі ескеріледі.

"Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды 

Айта кетейік, брифинг кезінде вице-министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бағдарламаны басқарудың институтционалдық негізі қаланды, барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Сөйтіп, әр жердің ерекшелігіне қарай мазмұндық жоспарлар жасалды. Дегенмен, іс-шараларды өткізу кезінде науқаншылыққа да жол берілді.

"Жасыратыны жоқ, кейбір жерлерде есеп беру мен науқаншылық сияқты үрдістер болған. Ол жайында мемлекеттік комиссияның отырысында да айтылды. Нәтижесінде өңірлердегі барлық шараға қайта талдау жасалып, рухани жаңғыруға мүлдем қатысы жоқ, мағынасы саяз, мақсаты сұйық көптеген шара алынып тасталды. Мәселен, былтырғы жоспарда 229 шара көзделген болса, биыл барлығы – 97", - деп түйіндеді Тілепов.

21
Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
"Кім жауап береді?": депутат қазақ тілінің мәселесін көтерді
"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті
Карантинде қазақ тілін үйренуге арналған қосымшаны қолданушылар саны артты