Ресей халықаралық рейстерді қайта жаңғыртуды бастайды видео

333
(Жаңартылды 19:12 25.07.2020)
Ресей премьер-министр Михаил Мишустин үкімет отырысында 1 тамыздан бастап халықаралық бағыттарда қатынайтын рейстер қайта қалпына келетінін мәлімдеді

Алғашқы кезеңдегі рейстер Мәскеу мен Мәскеу облысының, Санкт-Петербург пен Ростов-на-Дону әуежайларынан жүзеге асырылады.

Ал премьер-министр орынбасары Татьяна Голикованың түсіндіруінше, халықаралық бағыттар бойынша үш елге – Ұлыбритания, Түркия және Танзанияға ұшақ қатынайды. Тізім тағы да кеңейе түсетін болады.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясына байланысты Ресей шекаралары наурыз айында жабылған.

333
Кілт сөздер:
видео, әуе қатынасы, Ресей

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

912
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

912

Қазақстанның әскери дәрігерлері Ливанға жетті видео

50
Қазақстандық бір топ әскери дәрігер жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливан астанасына барды

Бейрут әуежайында дәрігерлерді Қазақстанның Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан қарулы күштері қолбасшылығының өкілдері – бригада генералы Аби Карам және Ливан сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани күтіп алды.

8 тамызда таңертең Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін 29 әскери дәрігер мен төрт аудармашы Ливанға аттанған еді.

Бейруттегі жарылыс

Төртінші тамызда Ливан әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Оқиғадан кем дегенде 150-ден астам көз жұмды.

Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Ауруханаларда зардап шеккендер саны көп болғандықтан, барлығы стационарда ем ала алмай отыр.

50
Кілт сөздер:
видео
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0