Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасады - видео

5505
(Жаңартылды 13:18 01.09.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады

Бұл Тоқаевтың екінші жолдауы. Ол алғашқы жолдауын 2019 жылы 2 қыркүйек күні жасаған болатын.

Бұған дейін президент жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан еді. Ол алдағы жолдаудың негізгі бөлігін құрайды, деген болатын президент.

Жолдауды барлық республикалық телеарна тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратты.

5505
Кілт сөздер:
Жолдау 2020, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)

"Лайықты серіктес-2020" оқу-жаттығуы аяқталды: НАТО әскерилері не істеді?

16
Грузияда "Лайықты серіктес-2020" халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Маневрлерге қатысу үшін АҚШ, Польша, Франция, Ұлыбритания және Грузияның өзінен 3 мыңға тарта әскер келді

АҚШ елшісі елдер бірлескен күш-жігердің арқасында жауынгерлік даярлықты жақсартқысы және Қара теңіз аймағындағы қауіпсіз жағдайды сақтағысы келетінін айтты. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

16
(NaN:NaN / NaNMb / )

Әлемдік лидерлер виртуалды сессия режимінде БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өтіп жатыр

40
(Жаңартылды 19:46 21.09.2020)
БҰҰ-ның тарихи, мерейтойлық сессиясы аясында мемлекет басшылары сөз сөйлейтін жоғары деңгейдегі кездесулер апталығы басталды. Толығырақ тікелей эфирде

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының тарихи 75-ші сессиясы өтіп жатыр.  

Мемлекет басшылары делегаттар алдында сөз сөйлейді.

COVID-19 пандемиясына байланысты спикерлер бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, виртуалды форматта баяндама оқиды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды 

Әлем лидерлерінің көпшілігі бұл шараға қатыспайды. Олар алдын ала жазылған бейне хабарламаларды ұсынады.

Мерейтойлық сессияда не айтылатынын, бұл жолы қандай ғаламдық проблемалар талқыланатынын тікелей эфирден көріңіз.

40
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

0
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

0
Кілт сөздер:
журналистика