Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлерінің баспасөз мәслихаты - видео

31
(Жаңартылды 16:10 09.09.2020)
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ресейлік министр Сергей Лавров бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесімен бірлесе баспасөз мәслихатын өткізді.

Қазақстандық министр Мәскеуге Шанхай ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуға барған болатын.

Екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары әскери әріптестік, энергетика және ғарыш мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, күн тәртібінде еуразиялық интеграциялық процестер сөз болды.

Бұл жыл басынан бері екі министрдің алғаш кездесуі.

31
Кілт сөздер:
видео, сыртқы істер министрлігі, Ресей, Қазақстан
(NaN:NaN / NaNMb / )

Әлемдік лидерлер виртуалды сессия режимінде БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өтіп жатыр

23
(Жаңартылды 19:46 21.09.2020)
БҰҰ-ның тарихи, мерейтойлық сессиясы аясында мемлекет басшылары сөз сөйлейтін жоғары деңгейдегі кездесулер апталығы басталды. Толығырақ тікелей эфирде

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының тарихи 75-ші сессиясы өтіп жатыр.  

Мемлекет басшылары делегаттар алдында сөз сөйлейді.

COVID-19 пандемиясына байланысты спикерлер бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, виртуалды форматта баяндама оқиды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды 

Әлем лидерлерінің көпшілігі бұл шараға қатыспайды. Олар алдын ала жазылған бейне хабарламаларды ұсынады.

Мерейтойлық сессияда не айтылатынын, бұл жолы қандай ғаламдық проблемалар талқыланатынын тікелей эфирден көріңіз.

23

АҚШ қандай соғысқа дайындалып жатыр - видео

423
АҚШ ӘӘК штабының жаңа басшысы Чарльз Браун өзінің ең алғашқы баяндамасында америкалықтардың үлкен соғысқа дайындалуы қажеттігін мәлімдеген еді

Бұл соғыс өзінің территориясында болуы да ғажап емес. Шенеуніктің пікірінше, АҚШ күш-қуаты өзімен тең келетін ірі державамен қақтығысып қалуы, ал үлкен шығындарға алып келетін текетірес ауқымы жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып түсуі мүмкін.

Сонымен, Браун қарсылас ретінде Ресей мен Қытайды атады және олардың әскери әлеуетінің уақыт өткен сайын қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Осы ретте генерал сын-қатерді мейлінше азайту үшін қорғаныс саласын қаржыландыруды кезекті мәрте өсіруді ұсынды.

423
Медицина құралдары, архивтегі фото

Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды

0
Қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Дәрігерлер оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Астаналық дәрігерлер абайсызда трактордың астына түскен бес жасар қызға ота сәтті жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Қорғалжын ауылында екі бала шөп тиелген трактордың тіркемесіне шыққан. Алайда екеуі де құлап, доңғалақтың астына түскен. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында жан тапсырды. Ал бес жасар қыз Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті 

Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған. Бала 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.

"Бала өте ауыр жағдайда түсті, жарақаттан қатты шок алып қалған.  Бірақ аурухана мамандары – хирургтар, нейрохирургтар, травматолог пен реаниматологтар жедел көмек көрсетіп, отаны сәтті жасап шықты", - дейді Ахмұрзаев.

Қазіргі кезде бала ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Ата-анасы дәрігерлерге шексіз ризашылығын жеткізді.

"Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсарған. Әкесімен видео байланыс арқылы сөйлесіп тұрады. Отбасымызбен дәрігерлерге алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз аман қалды", - дейді қыздың анасы.

Полиция осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

 

0
Тақырып бойынша
"Рөлді ұстамай-ақ айдаймын": мас жүргізушінің оқиғаға дейінгі әрекеті белгілі болды
Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті - фото
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Нұр-Сұлтанда әйел адам көлік астына түсіп қаза болды
Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео