ТМД елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дайындығын тексерді видео

98
ТМД елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесінің жауынгерлік дайындығын тексеруді бастады

Жеті ел маневрді бір уақытта жасап жатыр: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан.

Бұл мемлекеттердің әуе кеңістігінде ұшақтар ұшып, әртүрлі сценарийді пысықтауда: жаудың әуе кемелері Достастық елдерінің аумағына кіріп кетсе, енді бірде ұшақтарды айдап әкетеді. Экипаждардың күресін, ұшқыштарға жерде кім көмектесіп жатқанын және оқу-жаттығулар НАТО күштеріне тойтарыс беруге қалай септігін тигізетінін біздің видеодан көріңіз.

98
Кілт сөздер:
видео, ТМД елдері, шабуыл
(NaN:NaN / NaNMb / )

Әлемдік лидерлер виртуалды сессия режимінде БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өтіп жатыр

21
(Жаңартылды 19:46 21.09.2020)
БҰҰ-ның тарихи, мерейтойлық сессиясы аясында мемлекет басшылары сөз сөйлейтін жоғары деңгейдегі кездесулер апталығы басталды. Толығырақ тікелей эфирде

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының тарихи 75-ші сессиясы өтіп жатыр.  

Мемлекет басшылары делегаттар алдында сөз сөйлейді.

COVID-19 пандемиясына байланысты спикерлер бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, виртуалды форматта баяндама оқиды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды 

Әлем лидерлерінің көпшілігі бұл шараға қатыспайды. Олар алдын ала жазылған бейне хабарламаларды ұсынады.

Мерейтойлық сессияда не айтылатынын, бұл жолы қандай ғаламдық проблемалар талқыланатынын тікелей эфирден көріңіз.

21

АҚШ қандай соғысқа дайындалып жатыр - видео

423
АҚШ ӘӘК штабының жаңа басшысы Чарльз Браун өзінің ең алғашқы баяндамасында америкалықтардың үлкен соғысқа дайындалуы қажеттігін мәлімдеген еді

Бұл соғыс өзінің территориясында болуы да ғажап емес. Шенеуніктің пікірінше, АҚШ күш-қуаты өзімен тең келетін ірі державамен қақтығысып қалуы, ал үлкен шығындарға алып келетін текетірес ауқымы жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып түсуі мүмкін.

Сонымен, Браун қарсылас ретінде Ресей мен Қытайды атады және олардың әскери әлеуетінің уақыт өткен сайын қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Осы ретте генерал сын-қатерді мейлінше азайту үшін қорғаныс саласын қаржыландыруды кезекті мәрте өсіруді ұсынды.

423
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
(Жаңартылды 21:36 21.09.2020)
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты