(0:56 / 5.84Mb / )

Ұзын тырнақтар сыры немесе әлемдегі ең жылдам шаштараздың өнері

32
Әлемдегі ең жылдам шаштараз Анна Михайлова өз шеберлігін көрсетіп, қас қағым сәтте төрт қыздың шашын сәндеді. Санкт-Петербург қаласының стилистінің айтуынша, оған ұзындығы 10 сантиметр тырнақтары көмектеседі екен.

Михайлова шапшаң ғана емес, көзін жұмып та жұмыс істей алатынын тілшілерге көрсетті. Шаштараздың айтуына қарағанда, түрлі шаш үлгілері мен қалпақтар жасауға ұзын тырнақтары көмектеседі екен, ал жылдамдығы туа бітті қабілеті болса керек.

Бұдан бұрын Михайлова 12 сағат ішінде 315 шаш үлгісін жасап Гиннесстің рекордтар кітабына енген болатын.


32